3.10.2018, 10:47
Қараулар: 27
«Ұстаз — ұлт ұстыны»

«Ұстаз — ұлт ұстыны»

Ұстаздар күні қарсаңында ауданга белгілі тұлғалар мен мекеме басшылары және қарапайым еңбек адамынан сауалнама алынды. Олар үш сұарққа, яғни: Алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме? Ол қандай қасиетімен жадыңызда қалды? Бүгінгі ұстаз қандай болуы керек? Егер сізге таңдау берілсе, мұғалім болар ма едіңіз?

Дариға Нұрашева, Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры:
1. Алғашқы ұстазым есімде. Бет-бейнесі әлі көз алдымда. 7-кластық білімі бар, зейнеткерлік жасқа жақындап жүрген салмақты, байсалды, әр сөзін баппен айтатын бір жайсаң жан еді.Ол кісі менің есімде аса сабырлылығымен қалды.Алғаш мектеп табалдырығын аттаған әр үйдің 6-7 жасар еркелеріне үлкен төзімділікпен қарады. Қалам ұстатты, әріп үйретті. Жазуды үйретті.
2.Қазіргі жастар сауатты, білімді, көздері ашық.Сондықтан да мұғалім заманның ағымына ілесе білуі керек.Түрлі электроника тілін, автоматика тілін білуге тырысулары қажет. Әйтпесе, өзі өмірдің ағымынан қалып қойған ұстазды кім сыйлайды. Ал шәкірттің алдында беделің болмаса — ұстазбын деу бекер.
3. Негізгі мамандығым мұғалім. Ата — анамның жолын қуып,бір жыл сабақ та бердім. Ұстаздық үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мол білім, біліктілікпен бірге мұғалім бала жүрегіне жол таба білетін психолог та бола білу керек. Ал мен өз жүрегін өзі түсінбей жүрген ақынмын.
Лаззат Сыикова , аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері:
1. Ұстазымның есімі Төлеуова Ақмарал Қабиқызы, қазіргі уақытта 6 мектепте мектеп директорының орынбасары қызметінде. Өте керемет жан. Жаны жайсан, жұмсақ мінезді адам. Өз ісінің шебері!
2.»Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі — белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы десе, екіншісі — жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз — баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Сондықтан ұстаз шығармашылыққа жаны құмар, бар өмірін білімге арнап, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын терең меңгеріп, жан-жақты, білікті маман болуы тиіс. Әр оқушының өзіндік дамуына үлес қосып, оларға білім нәрін татқызып қана қоймай, оларды мәдениеттілікпен өмір сүруге тәрбиелеуі қажет деп ойлаймын.
3.Негізі бала кезімде ұстаз болуды армандайтынмын. Тіпті «Өскенде ұстаз болғым келеді» деп жазған шығармамда есімде. Бірақ, есейе келе ұстаздық оңай мамандық еместігін түсіндім.
Мөлдір Темірғалиева, бес баланың анасы:
1)Алғашқы ұстазым кешегі күндей есімде. Есімі — Балбөпе Қыдырсиқова. Сондай ұстамды,үлгілі,парасатты болатын.Ол кісінің қасиеті сол,сабырлы күймен барлығын түсіндіріп,әр шәкіртіне құмыраға құйған су секілді етіп білімін жеткізе білетін.Сол кісінің себебінен мен өте сауатты жазуды үйрендім.
2 ) Бүгінгі ұстазды ең алдымен қағазбастылықтан арылту қажет.Оқушыға одан еш пайда жоқ.Қайта сол зая кеткен уақыттың орнына шәкіртіне көбірек білім берсе,рухани қоғамдық,мәдени шараларға көп араластырса деп едім. «Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы»,- дейді дана халқымыз. Ұстаз болу ол ұстамдылық ол ерлікке пара пар. Менің ойымша шын күш қайратқа ие адам ғана үлгілі ұстаз бола алады.
3)Жоқ болмас едім.Себебі мен көпбалалы анамын, менің миссиям басқа. Менің міндетім ұл-қызыма үйден тәрбие беріп,сол ұстаздарға жәрдемдесу.Бала біздің аманатымыз,болшағымыз! Оның тәрбиесі бәріненде маңызды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар