19.03.2018, 12:16
Қараулар: 10
Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бөрлі ауданында тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары толығымен іске асып жатыр.

Өңірде жұмыссыздықты жою мәселесі бойынша қолға алынған шаралардың нәтижесі көңіл қуантады. Мәселен өткен жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыс сұрап келген 2260 тұрғынның 1760-ы тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл 83.3 пайыз екен. Дегенмен әлі де өңірде жұмыссыздардың санын азайту мақсатында келелі істер қолға алынуда. Мәселен жұмыс іздеушілердің санын қыстартып, тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында жуырда бос орындар жәрмеңкес ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жиырманың үстінде түрлі мекеме, кәсіпорындар мен ұйымдар 260 жұмыс түрін ұсынды. Өңірге азпазшылар, іс жүргізушілер, дәнекерлеушілер, электр жөндеушілер, автокөлік жүргізушілер, тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшісі, аспаз көмекшілері қажет-ақ. Бөрлі аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ғалия Баймұқашеваның айтуынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының шеңберінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту көзделуде. «Өз ісін ашам деген 39 тұрғынға 19 млн. теңге көлемінде несие беріліп, 39 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіледі деп көзделуде» деді, Ғалия Баймұқашева.
Жалынды жастар бойындағы күш қуат, ерік жігерлерін еңбек жолында көрсетуге талпынады.Дегенмен қолына дипломын алып, жұмысқа кіріскісі келетін жастардың алдынан қиыншылықтар да кездеседі.Олардың жұмысқа бейімделіп, еңбек жолын бастауға зор ықпал ететін бірден бір бағдарлама «Жастар практикасы» болып табылады. Жыл басынан бері ауданда 23 маман аталған бағдарламаның игілігін көріп, жұмыспен қамтамасыз етілсе, жәрмеңкеге келген жиырма жас бұл бағдарламамен жұмысқа жолданды. Биыл тағы 140 жас маман жастар практикасына жолданатын болады.Одан бөлек әлеуметтік жұмыс орындарына алты, ақылы қоғамдық жұмысқа он төрт адам, тұрақты жұмысқа отыз бес, ал кеңестен өтуге он жеті адам жіберілді. Жалпы ауданда жұмыссыздықты жою немесе болдырмау үшін нақты істер қолға алынды. Жұмысқа орналасып,несібесін артырып жатқан тұрғындар санының көбеюі осындай жәрмеңкелердің нәтижесі. Айта кету керек бұл жәрмеңкеге ауданның жүз жетпіске жуық тұрғыны келіп, 260 жұмыс іздеуші жұмсқа орналасты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар