3.01.2018, 16:56
Қараулар: 45
Тұрғындарға — сыйлық

Тұрғындарға — сыйлық

Ақсай қаласы әкімінің орынбасары Алтай Дарисовтан шаһардағы Дружба Нородов 4\6 тұрғындарына жаңа жылдық сыйлық жасады.

Бұл күні мүмкіндігі шектеулі жандар, үлкен кісілер мен балалар жалпы саны 38 отбасы сыйлық алды. Ал, К. Жұмағазиева, Л.Бойко, З. Қайырлақова, Т. Шербакова, Ұ. Малбасаров, Ұ. Хусаинова мен К.Дуюсовтарға Аяз ата үйлеріне барып, тәттілер тарту етті. Аталған шараның ұйымдастыруға ат салысқан және өз аттарынан да сыйлық таратқан «Березовка» ПИК төрағасы Қ. Ірмекбаев пен А.Бисембаевлар болды.
Еске сала кетейік, бұл тұрғындар Березов ауылынын Ақсай қаласына 2014 жылы қоныс аударған болатын. Көшірудің бірінші кезеңінде жалпы 82 отбасы оның ішінде Березов ауылынан 75, ал Бестау ауылынан 7 отбасы жалпы 416 адам қоныс аударды. Бұл кезеңге ең алдымен әлеуметтік әлсіз топқа жататын және 2014 жылдың 28 қарашасында зардап шеккен балалар көшірілілген болатын. Тұрғындардың өтініші бойынша балаларға ойын алаңдарын салып, егде адамдар тынығып, отыратын арнайы жер де салып берілді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар