4.06.2018, 15:29
Қараулар: 42
Рәміздер мақтанышым!

Рәміздер мақтанышым!

Бүгін — Мемлекеттік рәміздер күні. Бөрлі ауданы жұтшылығы егемендіктің ең басты белгісі, тәуелсіздігіміздің нышандарына құрмет көрсетті.

Ел құндылығын дәріптеп, мерейін асқақтату мақсатында мекеме мен кәсіпорын қызметкерлері жұмыс күнін Қазақстан Республикасының гимінін орындаудан басталып, «Менің Қазақстаным» акциясымен жалғасты. Акция барысында авто шеру ұйымдастырылды. Ақсайдың басты көшелерімен жүріп өткен шеру 22 Мемлекеттік Туымызды көкке қалықтатты. Жанға қуат, бойға мақтаныш, асқақ рух сыйлады. Көк туымызды аудандағы ұлт мен ұлыстың татулығы меңзейтін Халықтар достығы көшесінен басталды. Кейін Жамбыл, Совет көшелерімен жүріп өтті. Ал өңірдегі спортшы жастар бес шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті. Жастардың бойында патриоттық сезімді арттырған жорыққа елу оқушы қатысты. Ғ.Жәңгіров атындағы саябаққа табан тіреген шерушілер ауданның басты сахнасында өткен мерекелік шараға көрік берді. Шара аудандық демалу орталығы дайындаған мерекелік концертпен жалғасты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар