25.05.2016, 10:14
Қараулар: 136
ОҚУДАҒЫ ҮЗДІК ЖЕТІСТІГІ ҮШІН

ОҚУДАҒЫ ҮЗДІК ЖЕТІСТІГІ ҮШІН

Ақсай қаласының жалпы білім беретін №3 мектебінде тұңғыш рет 251 озат оқушыны «Оқудағы үздік жетістігі» үшін медалымен марапаттаған «Озаттар шеруі-2016» шарасы өтті.

Ең алғашқы сөзді мектеп директоры Н.Шиганакова алып, оқушыларды оқудағы үздік жетістіктерімен құттықтап, дәл осы қарқынмен мектепті тәмәмдауға тілек білдірді. Сондай-ақ, «Елбасының «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізді жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі озат оқушы — ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық», — деп озат оқушыларға деген сенімнің жоғары екендігін ерекше атап өтті. Шара барысында озат оқушының әрқайсысының аты мен тегі аталып, медаль тағу құрметі шақырылған қонақтарға, сонымен қатар мектептің «Алтын белгіге» үміткері Тимур Нажимов мен 9 сыныпты үздік аттестатқа бітіруге үміткер оқушыларымызға тапсырылды. Озат оқушыларды құрметіне әсем ән мен ырғақты билер тарту етілді.

Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімі Л.Гайдук озат оқушыларының облыс көлеміндегі жоғары жетістіктері үшін «На вершине олимпа» аталымымен марапатталды. Шеру соңында жақсы тілектер жаудырылып, «ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын» деген тілекпен аяқталды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар