16.05.2018, 16:28
Қараулар: 56
«Бағдаршам-2018»

«Бағдаршам-2018»

Ақсай қаласында аудан мектептерінің қатысуымен «Бағдаршам -2018» аудандық слёті болып өтті.

Жас жол қозғалыс инспекторлары саптық, жол қозғалыс ережесінің білгірі, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, үгіт бригада байқаулары бойынша мықтылықтарын дәлелдеп, өз мектептерінің намысын қорғады. Мәселен саптық байқауда үздік нәтиже көрсеткен Ақсай қаласының №7 ЖОББМ болса, үздік жол қозғалысы ережелерінің білгірі — Ақсай қаласының №3 ЖОББМ атанды. Ал үздік велосипедті мәнерлеп жүргізуші – Пугачев мектеп балабақша кешенінің жас полицейлері атанса, үздік жас санитар – Ақбұлақ мектеп балабақша кешені иемденді. Сонымен қатар Ақсай қаласының №1 мектебі «Үздік жас реттеуші», ал Ақсай қаласының №4 ЖОББМ «Үздік үгіт бригада» байқауы, Ақсай қаласының №7 мектебі эрудиттер турнирінің үздігі деп танылды. Ал жарыстың қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен Ақбұлақ МБК жүлдеді үшінші орынға тұрақтаса, екінші орынға Ақсай қаласының № 3 ЖОББМ, ал жарыстың бірінші орыны Ақсай қаласының №7 ЖОББМ жас инспекторларына бұыйрды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар