шаблоны wordpress.

Основа возрождения духа нации

Мнения общественности Бурлинского района о статье Н.Назарбаева “Семь граней Великой степи”

Адльхан КУЛИКЕШЕВ, секретарь районного маслихата:
— Современные достижения нашего государства, его уровень и мировое признание были бы невозможны без его многогранного прошлого. Статья главы нашего государства Н.А.Назарбаева «Семь граней Великой степи» в полной мере раскрывает этот тезис. Все мы знаем, что без прошлого не бывает будущего. Этот вопрос становится особо актуальным, когда дело касается воспитания подрастающего поколения. Поэтому, я считаю, что одной из главных наших задач является воспитание патриотов своей Родины, ответственных граждан, небезразличных к судьбе своего народа. В этой связи запуск таких проектов, как «Великие имена Великой степи», «Музей древнего искусства и технологий Великой степи», «Древние мотивы Великой степи», «Выдающиеся личности Великой степи» – «Ұлы Дала тұлғалары» являются как никогда актуальными. Уверен, что реализация данных проектов, которые являются продолжением государственной программы «Рухани жаңғыру» станет новым этапом в формировании современного, развивающегося Казахстана.

Нұргүл ЛУКБАНОВА, Бөрлі колледжі директорының орынбасары:
Ел ынтымағы мен егемендікті сақтаудың бұрыннан қалыптасқан, көпке ортақ қағидаттары, алдымен, дініңе, содан кейін тіліңе, соған қоса тарихыңа асқан ұқыптылықпен қарау қажеттілігіне негізделеді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы құнды ойлары Қазақ елінің дамуын адамзат болмысындағы бірұтас тарихи құбылыс ретінде қабылдауға жетелейді. Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері ұлттық тарихымыздағы ақтаңдақтардың орны толықтырылып, құдіретті уақыт барлығын өз орнына қойып келеді. Уақыт біздің ойымыздан да жүйрік. Сол баға жетпес уақытты халық пен ел болашағының игілігіне жұмсау үшін керегі: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің болуы. Бөрлі коллежінде білім алатын жастардың бірқатар оқу пәндері төңірегінде оқыған – тоқығандары, сөзсіз, аз емес. Десе де, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға позитивті, жан – жақты баға бере білу, ақыл таразысына сала білуге үйрету – ұстаз шеберлігіне де байланысты. Осы орайда оқу орнындағы мұражайлар қоры, тәрбие берудің сан қырлы тетіктері шебер қолданылуы керек. Қазіргі кезде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқу орнындағы мұражай жұмысы дамып келеді, жәдігерлер қоры едәуір молайды, жаңа экспозициялар ашылды. Жастардың осы бағыттағы қызығушылықтары артты. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегі азаматтық қоғамда кездесетін рухани мешелдікті, тарихи мәңгүрттікті жоққа шығарудағы сүбелі бағдарламалардың бірі болары хақ.

Асылхан ҚАРМЫСОВ, Бумакөл МБК-нің мұғалімі:
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқи отырып,әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу елдігіңнің негізгі өзегі деп түсіндім. Көсбасшымыз қазақтың даңқты батырлары, ойшылдары мен ел билеушілері – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бүкіл әлем бойынша еліктеп, үлгі алуға лайықты тұлғалар деп айты. Сонымен бірге мемлекет басшысы осы жолдағы жасалатын жобаларды халықаралық ынтымақтастықтың аясында отандық және шетелдік үздік режиссерлерді, актерлерді және заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарта отырып, оңтайлы жүзеге асыруға болатынын атап көрсетті.
Осындай игі бастамаға атсалысу, қолдау жіне жүзеге асыру – әрқайсымызға қастерлі міндет

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520