шаблоны wordpress.

Жарасымды жанұялар байқауы

Бөрлі ауданында «Алтын ұя – 2018» отбасылық байқауы болып өтті.

Аталмыш байқауға жалпы ауданнан 11 отбасы қатысып, бақ сынады. Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттап, ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру және отбасы тарихы мен дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында ұйымдастырылған бұл шара мынадай кезеңдерден құрылған еді. «Отбасымыздың ыстық сәлемі» отбасы мүшелері өздерін таныстыру, «Дәстүрге берік отбасы» бейнеролик. «Өнер өнеге өрісі» отбасылар өнері ,«Жаңғыру — ұлттық өнерден басталады» қолөнер көрме байқауы. №4 мектептің фойесі бақытты әрі өнегелі отбасылардың «фотокөрме залына» айналғандай. Қамқор әке мен аяулы ана құшағындағы жүздері бал-бұл жанған балаларға қарап, «болсайшы әулеттердің бәрі осындай!»- дейсің! Байқау барысында көпшіліктің көңіліне шаттық ұялатқан отбасы мүшелері өздерін әр қырларынан танытып, қалың қауымды тамсандыра түсті, яғни бірі қазақтың қасиетті қара домбырасы, екіншісі эстрадалық жанр, ал үшіншісі өнерін бимен өріп,сүйсіндірді. Қазыналы қазақ өнерін жоғалтпай, ұлттық өнер желісін атадан-балаға жалғастырушы отбасылардың ең жүйріктері анықталды. Сонымен, Бас жүлде — №3 ЖОББМ Бисенбаевтар отбасының еншісіне бұйырып, 30 қарашада облыста өтетін кезеңіне жолдама алды. I орын — Ақбұлақ МБК Бақытовтар отбасы, II орын — Бөрлі №1 ЖОББМ Бижановтар мен №7 ЖОББМ Мәлік әулеттері, III орынды №6 ЖОББМ Курманкуловтар, №8 ЖОББМ Амангельдиевтар және Пугачев МБК Еришевтар отбасылары алса, №5ЖОББМ Тұяқбаевтар отбасы, Киров МБК Каримгалиевтар отбасы, Қанай МБК Шундыбаевтар отбасы, Приурал МБК Асқаровтар отбасы байқау аталымдарын місе тұтты.

Сәнім МЕҢДІБАЙ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520