шаблоны wordpress.

Бейбіт елдің қаhармандары

Ақсай қаласында «Қазіргі заман қаһарманы» деп аталатын республикалық шара оздырылды.

Кездесу, осынау бейбіт заманда ерлік жасаған ішкі істер органдарының қызметкерлерін құрметтеу үшін, жыл сайынғы республикалық «Қазіргі заман қаһарманы» акциясын жалғастыру мақсатында қазақстандық полицияның оң имиджін қалыптастыру, ішкі істер органдарының жеке құрамын ерлік, патриоттық пен адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Шара шымылдығы «Арман достар» деп аталатын марш екпініндегі композициямен ашылды. Осыдан 7 жыл бұрын барша қазақстандықтарды дүр сілкіндірген оқиға елдің есінен әлі өше қойған жоқ. Қарашаның 12-сі күні ұялаған үрей табы жұрттың жүрегінде әлі де бар. Жеті жыл өтсе де ғазиз жанын құрбан еткен капитан Байтасовтың, қарулы қылмыскерге қарсы тұрамын деп шейіт болған полиция сержанттары – Полат Аянқұлов пен Жақсыбек Байсейітовтің есімдері ел есінде, ерліктері ертеңгі ұрпаққа өнеге. Сол оқиғадан кейін ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың бұйрығымен жыл сайын осы акция жалғасып келеді.
Республикалық шараға ІІМ Кадр депар¬таменті, ІІМ Ішкі әскерлер комитеті, ІІБ-нің басшылығы мен жеке құрамы, ардагерлері, облыстық, аудандық және қалалық әкімдік өкілдері, сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен келген полиция қызметкерлері қатысты. Бір айта кетерлігі, өңірлерден осы шараға арнайы келген 15 тәртіп сақшысының барлығы қызмет бабында ерлік көрсетіп, ел алғысын алғандар. Жиналған жұрт – полиция қызметкерлері мен қала тұрғындары, Студенттер мен мектеп оқушылары осыдан бес жыл бұрын қандықол лаңкесті құрықтау кезінде қаза болған сақшыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары А. Көшкінбаев сөз алып, ауданымызға келген қонақтарға қош келдіңіз айтып, ел тыныштығы үшін жандарын қиып, анттарына адалдық танытқан асыл азаматтардың бейнесі отаншылдықтың нақты үлгісі болып қалатынын айта келіп, полиция қызметкерлерінің біз көре бермейтін сансыз ерліктері мен тәуекелшілдіктеріне шексіз ризашылығын білдіріп, ердің ерінің ғана қолынан келетін қадамға барып, қиыны мен жауапкершілігі мол жолда бейбіт күнде жасаған батырлықтары мен игі істеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар мен сыйлық табыс етті.
Аталмыш шара барысында полиция полковнигі Мұрат Жақыпбаев жиналғандарға ризашылығын білдіріп, қызметтік парызын өтеу орнында қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасов және қатардағы полицей Казиев Байжан Мәулетұлы туралы айтып, олардың туғандарына намысты ұл тәрбиелегені үшін алғыс білдіріп, сыйлық табыс етті.
Аудан әкімі Санжар Әлиев пен аудандық мәслихат хатшысы А. Куликешовті ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру жөніндегі міндеттерді шешуге қосқан үлестері үшін ҚР ІІМ Қ. Қасымовтың алғыс хатымен марапаттады.
Патриоттық шара ІІД ансамблінің концертіне ұласты. Осыдан 50 жыл бұрын құрылған ансамбльде әр жылдары Ескендір Хасанғалиев, Әлібек Дінішев, Лаки Кисоглу сияқты елімізге танымал әншілер қызмет атқарған.

Сәнім МЕҢДІБАЙ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520