шаблоны wordpress.

Эфирлік сандық телевизия немесе мемлекеттік хабар тартудың жаңа стандарты

«Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Цифрлық эфирлік Телерадио хабарларын тарату бағдарламасын жүзеге асыру қолға алына бастады.

Цифрлық эфирлік көшу әкімшілік-аймақтық бірлік мерзіміне сәйкес, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің Жарлығы бойынша № 262 13.06.2008 ж. қолданыстағы хабар таратудың ұқсас желілерінен кезең-кезеңмен ажырату арқылы іске асырылмақ. Айта кету керек, сандық телевизияға ауысу – халықаралық «Женева 2006» халықаралық келісімі аясында жүзеге асқалы отыр. Мемлекеттік бағдарламаны атқарушы Ұлттық оператор «Қазтелерадио» АҚ болып табылады. Жобаның негізгі мақсаттары: қала және елді-мекен тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті азайту арқылы телеарналар санын көбейту. Осылайша ақпаратқа қолжетімділікті арттыру көзделіп отыр. ҚР аймағында отандық телеарналарды көру аясын кеңейтудің негізінде мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыру.ҚР жалпы телеконтент нарығында отандық телеарналардың хабар тарату үлесін көбейту. Тұрғындарға және телеарналарға қызмет көрсетудің, сондай-ақ бейне және дыбыс сапасын халықаралық талапқа сай болуын қамтамасыз ету. Бағдарлама нәтижесінде Қазақстан Респубикасы тұрғындарының 99,8% көпбағдарламалы телехабар таратудың жоғары сапалы цифрлық желісіне тегін қол жеткізетін болады. Осыған дейін хабар таратудың ұқсас желілерінде ел тұрғындарының жартысы орта есеппен 5 телеарнаны ғана көрген болса, эфирлік сандық хабар тарату бағдарламасын іске асыру барысында қабылданатын каналдар саны айтарлықтай артады. Мұндағы басты факторлардың бірі Қазақстан ТРК облыстық хабар тарату желісінің жұмыс жағдайын барынша жақсарту болмақ. Цифрлық хабар тарату негізінде облыс орталықтары 30-ға тарта телеарнаны көру мүмкіндігіне ие болса, ал қамту аймағы шегіндегі елді мекендер 15 телеарнаны тамашалайтын болады. Көрермен үшін бұл бейне және дыбыстың жаңа сапасы болмақ. Айталық, ұқсас желілерде хабар алу кезінде болатын артық дыбыстар мен кедергілерге жол берілмейді. Цифрлық хабар таратудың артықшылықтары мұнымен шектелмейді. Олай дейтініміз, ерекшелігі басым жаңа бағдарлама мәзірі екі тілде (қазақ, орыс) тілдерінде жасалған, хабарлардың электронды бағдарламасы, көрерменді жаңалықтармен, өзгерістер және профилактикалық жұмыстар туралы тв-пошта арқылы теледидар экранына хабарлама жіберілетін болады. Эфирлік цифрлық телевизияның басымдықтарына тоқтала кетсек. Мәселен, жалпыға бірдей қолжетімді каналдардың бірінші және екінші мультиплекс бойынша абоненттік төлем алынбайды. Тұрғындардың телеэкранында көмескілік мүлдем болмайды, сонымен қатар көрсету сапасы жоғары телеканалдарға жеке пакет алу мүмкіндігі беріледі. Бұған қоса дәстүрлі телевизияда таңсық саналатын ақпараттық қызмет түрлері іске қосылады, төтенше жағдайлар туралы хабардар ету және тағы басқа. Қарапайым теледидарды DVB-T2/MPEG-4 форматтағы цифрлық құрылғыға және дециметрлік диапозонды антеннаға жалғау арқылы цифрлік эфирлік телехабар тарату желісіне қосылуға болады.
Хабар таратудың ұқсас желілері сияқты цифрлық эфирлік телевизия жалпыға бірдей қолжетімді, тегін әрі қосылуы қарапайым болғанымен бейне және дыбысты өте жоғары сапада ұсынатын болады.
Эфирлік телехабар таратудың цифрлық желісінің айрықша басымдықтарының бірі – жиілік ресурстарын тиімді пайдалану арқылы көрсетілетін арналардың санын көбейту болып табылады. Бір жиіліктегі сәйкес бағдарламаның орнына 15 цифрлық арналар топтамасының толық пакет (мультиплекстер) ұсынылады. Сонымен қатар эфирлік телехабар таратудың цифрлық желісі негізінде әзірге «аналог» жоқ саналатын (телегид, телетекст, субтитр және т.б.) сияқты электронды қызметтер қатарын ұсыну ұйғарылып отыр. Бұған қосымша телехабар таратуды сапалы дамыту мақсатында (HDTV-жоғарғы сападағы телевизия, интерактивті ТВ және т.б.) жаңа мүмкіндіктерді қолға алу көзделуде. Бір сәтке отандық телевизия тарихына тоқтала кетсек, 1958 жылдың 8 наурызында негізі қаланған Қазақ телевизиясы 1992 жылы «Қазақ ССР Мемлекеттік телерадиосы», «Қазақстан» Мемлекеттік телерадиокомпаниясы, деп қайта ұйымдастырылды, ал, 1995 жылы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы болып ресми аталды. Тәуелсіз Қазақстанға жаңа ақпараттық кеңістік қажет болды. Тәуелсіздікпен бірге жаңа агенттік «Хабар» құрылды. 1997 жылы Хабар тәулігіне 14 сағат хабар тартудың мүмкіндігіне қол жеткізді. Десек те, қазіргі заманның көрермені үшін дәстүрлі телеарнаның хабар тарату мүмкіндігі жеткіліксіз болып отыр. Кабелді және жерсеріктік хабар тарату желісінің дәстүрлі телеарнамен салыстырғанда аясы кең, мүмкіндіктері шектеусіз екені анық. Кабелді телевизия технологиясының мәнісі көрерменді сапалы жиілікпен қамтамасыз етуінде болып отыр. 90-шы жылдардың орта шенінде кабелді телевизияның локальді бренді саналатын «Алма-ТВ», «Секател» және «Қазорталық ТВ» Алматы мен Астана және Қарағанды шаһарына аяқ басты. Дәл осы жылы жерсеріктік хабар тарату желісі — «Жарық» құрылып, елді-мекендердің тұрғындары «Қазахстан» телеарнасын көре бастады. 1995 ұлттық хабар тарату жерсеріктік хабар таратуға ауыстыру туралы жарлық шықты. Қазақ елі экватор үстінде қалықтаған ғарыштық жерсерік белгілерін алу мүмкіндігіне ие болды. Пираттық хабар тарату контентін қадағалауға индустрия сол кезде қауқарсыз еді. Ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төніп, арзанқол және ұрлықы контент локальді брендпен бәсекелестікке сай бола алмады. 2012 жылы Қазақстан аналогты желіден сандық хабар таратуға ауысты. Осы уақыт аралығына дейін еліміздегі телекөрермендер саны 2, 3 миллионға жетті.
2018 жылдан бастап, Қазақстанда эфирлік сандық хабар тарату кезең-кезеңмен жүзеге асыру арқылы аналогты хабар таратудан түбегейлі бас тарту жоспарланып отыр. Теле және радио арналар цифрлық эфирлік хабар тарату желісінде телерадиокомпаниялар мен телехабар тарату операторлары арасындағы келісімге сәйкес қызмет көрсететін болады.
Цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуға көшу мерзімдері кезеңмен жүргізілетін болады. Мәселен, 2018 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы, желтоқсан айында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары қамтылады. Ал алдағы жылдары Атырау, Қызылорда, Алматы облыстары. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары да жоспарда бар. Бұдан кейінгі кезең бойынша Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалаларын қамту көзделіп отыр.Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, цифрлық хабар тарату — телекоммуникациялық қызмет түрлеріне жол ашу арқылы жиілік спекторын үнемді қолдануға мүмкіндік береді. Отандық телеарналарды цифрлық сапа көмегімен эфирлік телехабар таратудың сандық желісі бойынша облыс орталықтарының тұрғындары 30 телеарнаны цифрлық сапада көреді, ал елді-мекендердің тұрғындары цифрлық сападағы 15 телеарнаға абоненттік төлемсіз қол жеткізетін болады. 2019 жылға дейін бағдарлама бойынша цифрлық жүйемен ел тұрғындарының 95% қамту жоспарланып отыр. Қалай десек те, отандық телевизия саласының заман талабына сай ұқсас хабар тарату жиілігін толықтыру немесе хабар таратудың цифрлық жүйесімен толықтай алмастыру – уақыт талабы.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520