шаблоны wordpress.

Ақсайда TEDх форматында кездесу өтті

Ақсай қаласының №1 МБК ауданымыздағы жас, әрі жалынды ұстаздармен TEDх форматында кездесу өтті.

Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев, аудандық білім беру бөлімінң басшысы О.Төлімісов қатысып, жастармен еркін форматта ашық әңгіме алаңын жүргізді. Аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев өз сөзін: — Әріптестер, баршамыздың мақсатымыз айқын. Ол – бәсекеге қабілетті ел болып, әлемнің алпауыт мемлекеттерімен иық тірестіріп, білім мен инновацияны меңгеруде деңгейі жоғары, тіл мен мәдениеті, діл мен әдебиеті қауһарлы қоғам қалыптастыру. Осы қоғамның тізгінін тең ұстар салауатты да, саламатты ұрпақ тәрбиелеу. Біз жаңажылдықтан, жаңарудан, жандануда қорықпаймыз. Дегенмен, сіздердей жалындаған жастардың күш-жігері, білім-білігі бізге қазір ауадай қажет. Келер жыл «Жастар жылы» деп Елбасымыз ерекшелеп атап өтті. Демек, сіздерге мүмкіндік көп. Тек қана сіздерден сұралатыны Абайдың өтірік, өсек, мақтаншағын тастап ынта, жігер, білімді ұштастыра білу, — деп бастады. Өзі оқып жүрген мотивациялық кітаптар турасында әңімелей келе, басшылық пен жастардың ортақ мүддесін мәнін келтіре жеткізіп сөзін қорытындыладыКездесу барысында аудандық белсенді жас ұстаздармен «Көшбасшы жастар» клубын құру туралы ұсыныс айтылып, бұл бастаманы жастар бірауыздан қолдады. Жастардың шешімі бойынша клуб негізгі төрт бағытта жұмыс атқарады. Атап кетер болсақ тіл мәселесі бойынша бір бағыт, жаңа технологияларды игеру бойынша, салауатты өмір салтын сақтау бойынша, соңғысы тарихи-өлкетану бағыттары. Жастар ай сайын осындай еркін форматтағы жиындар өткізіп, атқарылған жұмыстар мен нәтижелер туралы өзара қорытынды жасайтын болады. Клуб мүшелері болаған белсенді жастарған тегін ағылшын курстарына қатысу, бассейнге бару, спорт кешендеріне тегін кіру сияқты түрлі жеңілдіктер көрсетілетін болады. Бұл Елбасымыздың жастарға деген жақсы көзқарасынан, аудан басшылығының жанашырлығы мен қолдауынан туындап отырған жеңілдіктер. Еңбекке етене араласа жүріп, елім деп емірініп, жұртым деп жұмылған жастардың бағындырар биігі мен шығар белесі, жаңашыл бастамалары көп болғай деген ниеттеміз.

Мейрамбек СЫДЫҚОВ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520