шаблоны wordpress.

Махамбет Досмұхамбетов іс-сапарымен Ақсайда

Елбасы қойған тапсырманы орындауға Бөрлі ауданындағы ірілі ұсақты кәсіпорындарының мүмкіндігі жетеді. Ауданда өндіріс орындарын материалдық техникалық тұрғыда модернизациялап, өндіріс көлемін ұлғайтуға мол мүмкіндіктері бар. Бұл туралы жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына келіп, КПО компаниясының ұжымымен кездескен энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов баяндады.

Вице-министр алдымен өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі КПО компаниясына келуі тегін емес. Елбасы Жолдауындағы басты міндеттерді іске асыруда бұл компанияның үлес салмағы зор. Кәсіпорын жаңартуға, кеңеюге, жаңа технологияларды қайта жабдықтауға бағытталған динамикалық және тұрақты даму стратегиясын орындады.
Биылғы жылы кәсіпорын облыс бойынша 35 млн. АҚШ долларына 36 жоба іске асырлыды. Оның бесеуі Бөрлі ауданында іске асты. Жалпы соңғы үш жылды кәсіпорыннан бөлінетін 20 млн. АҚШ долларының үстінен 10 млн.доллар бөлінген болатын. Сол 10 млн.долларға Бөрлі ауданында 22 жоба іске асты. Осы жұмыстар келер жылы да өз жалғасын табады.
— Ақсайға келгендегі мақсатымыз, Елбасы Жолдауын талқылап, кездесу өткізу. Биылғы Жолдау халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталды. Басты себеп те осы. Әр мемлекеттік орган, жергілік басқару органдары әрқайсысы жасалған жұмысын жақсартып, барынша жақсы жағдай туғызу. Кездесу барысында министрлікте қандай жұмыстар жасалып жатыр, қандай көрсеткіштер, жетістіктер бар екендігін айттық. Жоспарымызбен де бөлістік.Елбасы Жолдауын орындауда қандай үлес қосатынымызды талқыладық. Халық Ебласы Жолдауымен мұқият танысқан. КПО қызметкерлері энергетика саласын дамыту, кәсіпорын жұмысын жетілдіру турасында ұсыныс пікірлер білдірді. – деді, энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов.
Жұмыс барысында вице министр «Конденсат» АҚ жұсмыс барысымен де танысты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520