шаблоны wordpress.

«Туған жер» этно- мәдени жобасы Бөрліде

«Жайық Пресс» медиахолдингінің облыс көлеміндегі «Туған жер» этно- мәдени жобасы Бөрлі ауданындағы сапарын Жолбарыс батырдың кесенесіне зиярат етуден бастады.

Кесене басына «Жайық Пресс» медиахолдингінің қонақтар легін Жолбарыс батырдың төртінші ұрпағы Жолдығали Батырханов пен қызы Балкүміс Жолдығалиқызы ертіп барып, кең көлемде таныстырып, батыр туралы деректер айтты.
Қазір бізде Жолбарыс батыр туралы шынайы деректер бар», — деп сөз алған батырдын ұрпағы Балкүміс Жолдығалиқызы Жолбарыс батырдың киген сауыты барын және оны аудандық музейге алғашында тапсырып, кейін жөндеу жұмыстары кезінде қайта алып, Астана музейіне тапсырдығын айтты. Алдағы уақытта аудан көлемінде осы батыр баба бойынша атқарылатын істерге көмек беріп жатса қайтадан қайтарып жергілікті аудандық музейге сақтауға әкелеміз. Негізі алда жасалар жұмыстар өте көп, ескерткіш қойып, экскурсия жасауға мүмкіндік болардай жағдай туғызғымыз келеді»,- деп ойын жеткізді.
Батыр баба кесенесіндегі келелі жүздесуден соң, аудандық мешіттің бас имамы Қанат Жакенов батыр рухына бағыштап дұға оқыды.
Жоғарыда аталған жоба аясында келген топ өз бағдарламалары бойынша көптеген нысандарда болып, кездесулер мен іс- шаралар өткізді. Соның бірі облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі Гүлбаршын Әжігереева Ақсай қаласындағы №4 ЖОББ мектептегі оқырмандар ортасында болды.
Ұстаздар ұжымымен жүздесу барысында 101 жылдық тарихи бар басылымның тілшісі ұстаз оқырмандарының пікіріне құлақ түрді. Газет тілшісі білім жүйесіндегі ахуалды қалыпты жалғасуына көңілге түйткіл ой салар кедергілер болса ашып айтуға шақырды
Жас ұрпаққа білім мен тәрбие нәрін беріп отырған ұстаздардың газетке көзқарасында ризашылық пен сенімнің жоғары тұрғанын аңғару қиын емес еді. Газеттің күн санап көркейіп, халық көңілінен шығатын мақалалармен рухани айнасына айналуы оқырманның да өресін көтеріп келетінін айта келе мектеп басшысы Лаура Маметанова газет көтерген өзекті ойларға тоқталды.
«Жайық Пресс» медиахолдингінің бас директоры Рауан Сәбитұлы бастаған «Туған жер» этно- мәдени жобасы өз жұмысын аудандық мәдениет үйінде кең көлемдегі гала- концертпен қорытындылады. Жоба аясында бірқатар жас тілшілер, басылымға қолдау көрсеткен кәсіпкерлер, мекеме басшылары почта қызметкерлерін марапаттады. Олар: Аудандық басылымға жан – жақты қолдау көрсетіп, оған жазылымды жоғары деңгейде ұйымдастырыпжүрген ауылдық округ әкімдері- Ақсу ауылдық округінің әкімі — Ғ.Утепбергенов және Бөрлі ауылдық округінің әкімі – Б. Макеев. Сондай – ақ басылымға қаржылай қолдау көрсеткен «Автомаг» компаниясының басшысы Ф. Галиева мен «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі С.Маутееваларға алғыс хатпен бірге 100 000 теңгенің сертификаты табыс етілді. Жазылымды жоғары деңгейде ұйымдастырып жүрген мекеме басшылары қатарында «Ақсайгазсервис» АҚ президенті Т.Шектібаев, «КПО б.в» компаниясының бас директоры Э. Роналд және «Казбургаз» АҚ президенті Э.Омарбекова, «Конденсат» АҚ бас директоры Н.Муфтеевалар марапатталды. Басылымды оқырмандарға жеткізуде ыждағаттылықпен қызмет атқарып жүрген «Қазпочта» қызметкерлері Ш. Жақанова мен С. Жалмұханова да марапатсыз қалмады. Сонымен қатар аудандық басылымға сапалы мақалалар жазып, оқырмандар жүрегінен жол тапқан зейнеткер Қ. Ғұсманов пен Д. Құсайынқызына, ауылшаруашылық колледжі директорының орынбасары Н. Қуатова мен №8 ЖББМ мұғалімі Ш. Алмасқа «штаттан тыс тілші» куәліктерін тапсырды. Сонымен бірге қауырсынқалам иелері де ескерусіз қалмады. Тырнақалды мақалаларын жариялап, басылыммен байланыс орнатып жүрген М. Мұқанова, С.Батырғали, Г. Сүйеуова, А.Булатова сынды өрендер «Жас тілші» түбіртегін қолдарына алды.
Жоба аясында оздырылған «Ғажайып өлке» тақырыбындағы шығармалар байқауында бақ сынаған 34 үміткердің ішінен оза шапқандарының есімдері белгілі болды. Медиахолдинг басшысы Рауан Сәбитұлы төрағалық еткен қазылар алқасына шығармалар нөмірленіп беріліп, шығарма иесі сол мезетте сахна төрінде жарияланды. Жеңімпаз 3 үміткер, атап айтсақ №4 мектеп оқушысы А.Оразғалиев, №5 мектеп оқушысы Р.Халенова, №7 мектеп оқушысы Г. Сүйеуғалилар аудандық «Бөрлі жаршысы» газетінің редакторы М. Жомартовтың қолынан облысқа жолдама алды. Сонымен бірге осы үміткерлерді дайындаған А. Қайырова, А.Насметдинова, Л. Қарағойшина сынды жетекші педагогтар да холдинг атынан арнайы марапатталды.
Кең көлемдегі аталмыш кеште Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері Отан, туған жер туралы әндерін әуелетіп, жұртқа ерекше көңіл-хош әкелді.

Сәнім МЕҢДІБАЙ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520