шаблоны wordpress.

ДӘСТҮРЛІ БОКС ТУРНИРІ

Ақсай қаласында бокстан «Достық-Дружба» кубогіне жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі халықаралық турнир басталды.

Ұйымдастырылғанына жиырма бір жыл болған жарысқа бес мемлекеттің боксшылары қатысуда. Байрақты бәсеке төрт күнге созылып, 11 түрлі салмақ дәрежесі бойынша үздіктерді анықтамақ. Турнирге Ресей, Тәжікстан, Сербия, Өзбекстан елдері мен Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және Ақсай қалаларынан боксшылар қатысуда. Байрақты бәсекенің жастардың шеберлігін шыңдап, достық қатынасты нығайтуға ықпалы зор.
Халықаралық дәрежедегі төреші, бапкер Аман Ақшолақовтың айтуынша, аталған жарыстың балғын споршыларға берері мол. Алдымен жастар білекті де жігерлі болып қалыптасып, тәжірибе жинаса, жарыс жеңімпаздары спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болады.
— Бұл турнирге кезінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, мақтанышымыз Әділбек Ниязмбетовтер қатысқан. Бұл жарыс балғын спортшыларға бағыт береді. Олар осындай турнирлер арқылы шыңдалады, өседі. Мен осы турнирге қатысқан спортшыларымыз болашақта жарқын жеңістерімен қуантатынына сенемін. – деді, Аман Ақшолақов.
Жалпы рингтегі кездесулер тартысты өтуде. Әсіресе ұлттық құрама сапындағы жергілікті боксшылардың жекпе жегі көрерменнің қызығушылығын туғызуда. Турнир қазанның 21-не дейін жалғасып, үздіктерді анықтайды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520