шаблоны wordpress.

Қос ауылға таза су жетті

Кеңтүбек пен Жаңақоныс тұрғындарын қуантқан оңды іс «Аймақтарды дамыту — 2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асты.

Тұрғындардың қуанышына облыс әкімі Алтай Көлгінов пен облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қатысып, тұрғындарды құттықтады. Ауылда бұрыннан су бар. Дамып келе жатқан ауылға қосымша ауыз су жүргізу бағытында биыл бюджеттен 108 млн.теңге қаражат бөлінді. Әр түрлі диаметр болатын сегіз шақырым тұрба тартылды. Басты трассаға 110 дм болатын құбыр салынды. Оған қоса екі 200 кубтық резервуар, 50 кубтық башня орнатылды. 25 үйге су кіргіздік. Оға қоса, бұрын түрлі себептермен үйлеріне су кірмей қалған елу үйге тегін су тартылды. Ауыл ішінде өрт гидранттерының 36 данасы қойылды.Жаңа қоныс ауылында да 50 үйге су тартып, 50 текше мерт болатын қос резервуар қойылды, — деді«Аяла» ЖШС бас директоры. Алтынбек Мергенов.
Құрылыста пайдаланылған құбырлар, есептеу құралдары және өзге де қосалқы бөлшектердің барлығы су жаңа, әрі отандық өнім.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520