шаблоны wordpress.

Жаңа спорттық кешен ашылды

Бөрлі ауданының іргелі елді мекендерінің бірі Бөрлі ауылында облыс әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен жаңа спорттық кешен салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Спорт кешенінде бокс, қазақ күресі, волейбол, футбол, баскетбол, допты хоккей, шаңғы үйірмелері жұмыс жасайтын болады. Ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту жұмыстары да жоспарланған. Ол үшін аудан әкімдігі кешен жанынан хоккей мен футбол алаңдары салынады деп жосапарлап отыр.
— Елбасы өз Жолдауында спорттық кешендерді көбейту керек, деді. Өйткені, жастар дене шынықтырумен айналысса денсаулығы мықты болады. Жастар дегеніміз, сіз бен біздің балаларымыз, болашағымыз. Сондықтан біздің жоспарымызға сәйкес, «Нұр Отан» партиясымен бірге осындай шалғай аудандарда жүз спорт алаңын саламыз. – деді, өз сөзінде Алтай Сейдірұлы.
Бөрлі ауылының көркін аша түсетін халыққа берер пайдасы мол нысан КПО б.в. компаниясының әлеуметтік жобасы негізінде салынды. Жобалық құны 321 млн. теңге болатын кешен 320 орынға лайықталды. Кешеннің ашылуымен жаңа 30 жұмыс орны ашылды. Оның 10-ы әдіскерлер болса, қалғаны әкімшілік, техникалық қызметкерлер. Облыс басшысы кешеннің ішін аралап көріп, спортты серік еткен жастармен теннис ойнап, естелік суретке түсуді де ұмытпады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520