шаблоны wordpress.

Жарсуатта фестиваль өтті

Бөрлі ауданына қарасты Жарсуат ауылында «Мәңгілік елді жырлаймыз!» атты фестиваль өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оздырылған шарада дәстүрлі жыр-терме мен бірге патриоттық әндер де шырқалды.

Жарсуат ауылы әуезді ән мен күмірлеген күй толқынында тербелді. Салтанат құрған думанды шара қонақтарға сый-сияпат көрсетуден бастау алды. Қазақтың дәстүрлі өнерін ұлықтауға, өрге көтеруге арналған думанды кеште ән күйге сусап жүрген өнер сүйер қауым зор әсер алды. Ал өнер мерекесіне қатысушылар қазақтың төл өнері әрдайым әспеттеліп, шырқала берсе екен дейді.

Қазақ халқының саф алтындай сақталған қазынасын кейінгі буын бойына сіңіруге бағытталған фестивальдің өтуі алғаш рет. Шара дәстүрлі өнеріміздің ұлықталып, өркен жайуына сеп болмақ, дейді ұйымдастырушылар.

Аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастырумен өткен фестивальдің берері мол. Бастысы ауыл арасындағы мәдени қарым-қатынасты арттырып, ұрпақтар сабақтастығы жалғасады. «Рухани жаңғыру» аясында өткен шара өзге ауылдарда да жалғасып, жыл соңында гала-концертпен қорытындыланады.

Өз тілшіміз.

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520