шаблоны wordpress.

Партияда жаңа төраға

Жуырда «Нұр Отан» партиясы бюро жиналысы өтті. «Нұр Отан» партиясы жаңғырудың жаңа бағыты туралы сөз қозғалып, «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қаралды.

Алдымен сөз алған «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Махауова, биылдан бастап партияның қызметін жаңғырту аясында «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламамаларын жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жаңа жобаралды қолға алғандығын атап өтті. Жиында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Орынбасар Төлемісов «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аудан мектептерінде жүзеге асырудағы қиыншылықтарды айтып өтті.
Жиын барасында аудандық мәслихат хатшысы Ә. Куликешов «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалының Саяси Кеңесінің және «Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының төрағасы болған Алдияр Халеловтың басқа ауданға көшіп кетуіне байланысты, орнына Бөрлі ауданың әкімі Санжар Әлиевты енгізуді ұсынды. Бюро мүшелерінің бірауыздан қолдауымен аудан басшысы Санжар Жұматайұлы Нұр Отан» партиясы Бөрлі аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының төрағасы болып тағайындалды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520