шаблоны wordpress.

Ашық әкімдік 3 рет ұйымдастырылды

Халық пен биліктің арасын жақындатып, тұрғындардың мәселесін оңтайлы шешудің жолы болып табылатын «Ашық әкімдік» шарасы бүгін Бөрлі ауданыныңда өтті.

Осымен үшінші рет ұйымдастырылған ашық алаңға келген аудан тұрғындарының қарасы көп болды. Тұрғындарды тұрғын үй кезегінің жылжымауы, жер телімінің берілуі, жұмыссыздық сынды сұрақтарды көптеп қойылды. Жалпы шараға 44 аудан тұрғыны келді. Барлық қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал шешімін күтіп тұрған мәселелер назарға алынып, қаражат бөлінгеннен кейін тиісті жауап жазбаша түрде юерілетін болады.шарада аудан әкімі Санжар Әлиевтің қабылдауына 8 адам, Ақсай қаласы әкіміне 7 адам, тұрғын үй инспекциясының басшысына 6 адам, ТҮКШжАЖ бөлімі басшысының қабылдауына 3 адам келдіп, сауалдарын қойды.
«Ашық әкімдікте» аудан әкімінен бөлек, оның орынбасарлары, әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен аудан прокуроры тұрғындарды қабылдады. Аудан халқы жайылымдарды суландыру, жер телімін алу, мемлекеттен бөлінетін субсидияға ие болу сынды сан түрлі сұрақтарына жауап алды.
«Бұл алаңда көптеген әлеуметтік мәселелер шешіледі. Бүгін аудан халқы соның ішінде Ақсай қаласынан, Кеңтүбек пен Успен ауылдарының тұрғындары келіп, ұсыныс пікірлері айтып, толғандырған сауалдарын қойды. Әрине бір күннің ішінде мәселені шешуге болмайды. Сондықтан алдымызға келген тұрғындардың мәселелерін заң аясында шешуге тырысамыз. Жер мәселесі болатын болса,туындаған мәселені шешу үшін арнайы сол орынға барып, талқылап, заң жүзінде шешуге тиіспіз. Бұл алаң ең алдымен қарым қатынас алаңы. Демек, айтыл міселені шешу үшін алдымен өзіміздің жұмыс жоспарымызға бекітіп, орындау барысын қадағалаймыз», — деді, аудан басшысы.
Алдын ала жазылуысыз, еш жерге тіркелмей көкейдегі сауалын төтесінен қойған тұрғындар арыз-шағымдарының тез шешілгендігіне риза. Халық пен билік арасын жақындататын шараны аудан басшылығы жиі ұйымдаструды көздеп отыр.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520