шаблоны wordpress.

Рухани орда ашылды

Бөрлі ауданында 4800 кітап қоры бар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 қалалық кітапханасы ашылды.

Кітапхананың ашылуы «Рухани қазына» кіші бағдарлама шеңберінде, Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен, аудандық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асып отыр.- Ең алдымен кітапхананың ашылуымен құттықтаймын! Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауданымызда көптеген игі шаралар атқарылып жатыр. Міне, үлкен көлемдегі жұмыстардың бірі – кітапханамыздың ашылуы. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша әлемдегі 100 кітаптарды аударуға күш салудамыз. Соның 18-і жақын арада шығады. Сол кітаптар біздің өңірге де, кітапханаға да келеді. Сіздердің таңдаулы кітаптармен танысуларыңызға үлкен мүмкіндіктер бар, — деді Алдияр Сансызбайұлы. Құттықтау үшін сөз алған БҚО Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Оразаева:- Облысымызда 385 кітапхана болса, бүгін 386-шы кітапхана ашылып жатыр. Жаңа кітапханамыздың оқырмандары көп болсын, — деп жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, кішкене сый-сияпатын табыс етті. Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету сапасы бар, оқырмандарға жан азығын сыйлар мекеме бүгінгі күннің барлық талаптарына жауап береді. Яғни, мұнда бас сұққан оқырманға қажетті мағлұматтарды дер кезінде алуға мүмкіндік мол. Ал кішкентай оқырмандар ертегі-аңызды былай қойғанда, өздерінің сүйікті ақын-жазушыларының туындыларымен сусындай алады. Ендігі жерде оқырмандар осындай рухани ордадан өзіне керектісін дер кезінде тауып, кітапқа деген қызығушылықтары арта түседі деген ойдамыз.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520