шаблоны wordpress.

Іс-тәжірибе алысты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бөрлі ауданында білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Біздің мәртебеміз – бейбітшілік пен келісім» тақырыбында аймақтық панорама өтті.

Білім беру ұйымдарындағы ұлтаралық келісім мен достықты нығайту мақсатында өткен шараға БҚО Ішкі саясат басқармасының бас маманы Аманғали Каримов, БҚО Дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Наурыз Убаев, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілі Алуа Рахишева, сондай-ақ аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Аймақтық панорамаға облысымыздың Қаратөбе, Теректі, Сырым, Шыңғырлау аудандарынан әдіскерлер келіп, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Теориялық бөлімде Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық татулық пен келісімді қалыптастырудың маңыздылығы, діни толеранттық мәселелері талқыланса, панораманың практикалық бөлімінде аудандық әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері мен облыстық мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520