шаблоны wordpress.

Елінің өнер қуған ұрпағы..

Жыр әлемінде өзіндік орны бар Жайықтың ақын қызы Шолпан Қыдырниязованың шығармашылығына арналған «Ақын елінің ардағы» атты кездесу кеші өтті.

Сөз өнерін, айтыс өнерін насихаттап, оқушыларды тәрбиелік тағылымы мол дәстүрлі айтыс өнерін терең түсіндіруді мақсат тұтқан шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов, Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап кітапханасының директорының орынбасары Нұрлыгүл Сагинова, жергілікті ақын жазушылар, оқушылар және мұғалімдер қатысты. Кеш жүргізушісі белгілі ақын Дариға Нұрашева Шолпан Батырқызының қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айта келіп, ақынның жалпы шығармашылығына тоқталды. Алғысын, шексіз қуанышын жеткізу үшін сөз алған ақын шараны ұйымдастырып отырған кітапханаға, жалпы көрермендерге алғысын айта келіп, әдебиет туралы ойларымен бөлісті.
Шолпан Қыдырниязова – Жайықтың шолпаны болып бүкіл қазақ даласына саңқ етіп сахнадан назды әнімен жыр жолдарын төккен ақын. Намыс отын үрлеп, қолына бабалар мұрасы домбыраны алып ән салып, өлең жазған дана. Ол айтыс ақыны ғана емес, жазба ақын. Қай тақырыпты жырласа да, парасатты биік ұстауды мұрат тұтады.
Ақын кешінде Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудандық орталық кітапхана жанынан ашылған «Алтын қалам» ақындар мектебінің жас қаламгерлерлерінің енген өлең жинақтары бар кітапшаның тұсауы кесілді. «Жыр жазамын жүрегімнен» деп аталатын кітапшаның тұсауы Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Көшкінбаевтың қолдауымен, «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша іске асып отыр. Кеш барысында басқа да қызықты әңгімелеп айтылып, кеш иесіне сұрақтар қойылды. Оларға тұщымды жауаптар да алынды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520