шаблоны wordpress.

Жаңғырудың жаңа белесі

Облыстық жобалық офистің ашылуына байланысты аудан әкімі Алдияр Халелов бастаған жұмыс тобы Орал қаласында болды.

Жобалық офис мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ашылып отыр. Мұнда аталған бағдарламаның 4 бағыты бойынша 4 интерактивті алаң жұмыс жасайтын болады. Олар: «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», Атамекен», «Ақпарат толқыны», Олардың әрбіреуінің өз ерекшеліктері бар. Атап айтқанда: «Тәрбие және білім» алаңында «100 жаңа оқулық», латын әліпбиі және аталған бағытта жүзеге асырылатын жобалар туралы ақпараттар орналасқан. «Рухани қазына» алаңында өңірдің киелі жерлері, Қазақстандық заманауи мәдениет, өңір табиғаты және аталған бағытта жүйеге асырылатын жобалар туралы ақпараттар. «Атамекен» алаңында әлеуметтік бағдарламалар, еріктілердің атқарып жатқан жұмыстары, «Жомарт жүрек» т.б. жобаларымен танысуға болады. «Ақпарат толқыны» алаңында бағдарламаны ақпараттық сүймелдеу және «100 жаңа есім» жобаларымен танысуға болады.
Ең алдымен аудан әкімшілігінің шешімімен әр жоба бойынша жасақталған мамандар өздеріне тиесілі кеңестер мен мағлұматтарды алып, сол жобаның офистік жұмысымен танысты. Одан кейін «Рухани жаңғыру» мұражайына ат басын тіреп, аталмыш мұражайдың тыныс-тіршілігіне де қанық болды.
— Өткен жылы баршамызға белгілі Елбасының «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» атты мақаласы шыққан болатын. Сол мақаланы іске асыру бойынша біраз шаралар қолға алынып, әр жоба бойынша , мысалы тәрбие және білім, Атамекен, рухани қазына, ақпарат толқыны т.с.с жобалар бойынша аудандағы мемлекеттік қызметшілер, белсенді азаматтар, соның құрамында жасақталып, жауапты тұлғаларды белгілеген болатынбыз. Сол жобаның офистік жұмысымен танысу мақсатында келіп отырмыз. «Рухани жаңғыру» мұражайына да барып, көп мәліметтерді санамызға түйдік. Әр мәлімет әркімге тиісінше көмектеседі деп ойлаймын, — деді аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов. Сондай-ақ өз сөзінде айтып өткендей, аудандық деңгейде биыл аудандық мұражайдың кең көлемде күрделі жөндеуі жоспарланған. Сол жоспар іске асқаннан кейін ауданда да осындай бір кіші зал немесе рухани жаңғыруға байланысты бір бұрыш ашқылары келетінін тілге тиек етті.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520