шаблоны wordpress.

Ауадан дамуы қарқынды

Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов халық алдындағы есеп беру кездесу жиынын өткізді. Оған облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов пен бірқатар облыстық сала басшылары қатысты.

Жиын алдында Игорь Стексов «Рухани жаңғыру» бағдаламасы аясында өңір меценаттарының жүзеге асырған бірқатар жобаларымен танысты.
Игі іске ұйытқы болғандар арасында «Азия Глобал Сервис» ЖШС-нің және белсенді тұрғындардың қолдауымен 1 млн.теңгеден аса қаражат жұмсалып,Ақсай шаһарының солтүстік бөлігіне балаларға арналған спорт және ойын алаңы салынды. Ал кәсіпкер Қайрат Қапашевтың демеушілігімен аудандық орталық аурухана жанынан ашылған оңалту орталығына жалпы құны 1,5 млн.теңге болатын 8 жаңа үлгідегі вертикализатор алып берді.
«Жомарт жүрек» базалық жобасы аясында қайырымдылық аукционы ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер бұйымдары сатылымға ұсынылды. Нәтижесінде 1 млн.теңгеден аса қаражат жиналып, 8 мүмкіндігі шектеулі баланың емделуіне жұмсалды.
Жеке кәсіпкер Нұрбек Омаровтың да азаматтығын айта кеткен жөн. Ол 40 млн.теңге қаражатына аудандық мешіт жанынан тұрғындардың игілігі үшін асхана салып берді. Бөрлілік кәсіпкер Нұрсұлтан Дарханов саз мектебіне бір млн. теңге қаражатқа 50 домбыра тарту етті. Бұрыннан қайырымды істерімен танымал жан, осылайша өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықты сіңіруге өз үлесін қосты. «Жомарт жүрек» жобасы негізінде халық қалаулысы шаһардағы елу жылдық тарихы бар №2 орта мектеп ұжымына интерактивті тақта сыйлады. Құны 420 мың теңге болатын тақта аталған білім ошағындағы түзете дамыта оқыту сыныптарына берілді.
Игорь Стексов назарына биыл атқарылуы тиіс бірнеше жобалармен танысты. Ауданда «Әлеуметтік бастамалар картасы» аясында жалпы құны 302 476 500 мың теңге болатын 10 жоба ұсынылып отыр. Ондағы ең ірі жоба Ақсай қаласындағы «Наурыз» саябағын абаттандыру, жайластыру ( жалпы құны 280 млн.теңге) болса, 9 млн. теңгеАудан орталығына «Streetworkout» спорт алаңы салынады. Александров ауылы аумағындағы алма бағы аумағын қайта қалпына келтіруде межеленген міндет. Суармалы плантациялар салу және жайластыру да және өзге де жобалар қолға алынбақ.
Өндірісі өрге, тірлігі төрге озған Бөрлі ауданы үшін өткен тауық жылы табысты жыл болды. Бірнеше нысан пайдалануға беріліп, ел игілігі үшін мардымды істер атқарылды. Жол жөнделіп, қоныс тойын тойлаған тұрғындар да аз болмады. Өткен жылы өнеркәсіп өнімі 1 триллион 636 инвестиция көлемі 211 млрд 479 теңгені құрады.Ауданда кәсіпкерлік саласында бір қатар жұмыстар жүргізілуде, 2016 жылмен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлер саны 99 бірлікке артты.
Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын цехтарының өндірген өнімі мен көрсеткен қызметінің жалпы сомасы 511 млн. теңге. Ал әлеуметтік нысандардың салынуы аудан халқы үшін зор қуаныш болды.
-Аудандағы әлеуметтік саладағы жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының көлемі жоғары. Білім беру нысандарын салу мен қайта жөндеу бойынша шаралар қолға алынуда. Үстіміздегі жылы қаржыландыруға қарай Ақсай қаласының №3,4 және 5 мектептерін күрделі жөндеуден өтікізуді жоспарлап отырмыз. Балалардың жазғы демалысы мен жаз мезгіліндегі жұмыспен қамтылуы бойынша Бумакөл ауылында жазғы лагерь құрылысын жүргізу мәселесі біртіндеп шешілуде, биылғы жылы жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жоспарлануда. Ақсай қаласының 13 шағын ауданында 140 орындық балабақша мен жанында 100 орындық интернаты бар, 300 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзір- деді, аудан басшысы Алдияр Халелов.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520