шаблоны wordpress.

Жанашырлыққа – жан риза

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында аудандық маслихат хатшысы Әділхан Куликешев пен аудан кәсіпкері Айгүл Ирғалиева, аудандық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Татьяна Ищенколар Тихонов және Кеңтүбек ауылындағы мектептерге барып, оқушыларды жылы киіммен, ақ киімдермен қамтамасыз етіп қайтты.

Аталмыш республикалық деңгейде өтіп жатырған акцияға жоғарыда аталған тұлғалармен қатар, ауданның 16 кәсіпкері де атсалысты. Кеңтүбек мектебінен 16 бала қамтылса, Тихоновка мектебінен 11 бала керек-жарағымен толықты.
— Оқушыларымызға көңіл бөлейін деп, бір қуантып қатайық деп ауылдарды аралап жүрген жайымыз бар. Осы акция барысында қазан айында да келдік, онда да көмек қолын созды аудан кәсіпкерлері. Балалардың шексіз қуанышы біз үшін бір үлкен мәртебе», — деді маслихат хатшысы. Қонақтарға алғыстарын білдірген оқушылар би билеп, ән де салып берді.
P.S. Ауыл мектептеріне жолымыз түскесін мектептің де тіршілігіне де көңіл аудардық. Қазір «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мектеп қоңыраулары күймен алмастырылған екен. Сырт көзге өте бір әдемі естіледі. Сондай-ақ Григорьев мектеп балабақша кешенінің директорының айтуы бойынша сабақ басталмастан бұрын 15 минут міндетті түрде оқушыларға жаттығу жұмыстарын жасатады. Ол ең алдымен салауатты өмір салтын насихаттаудың бір жағы болса, екіншіден балаларды ұйқысынан ояту үшін де қажет-ақ. Сонымен қатар Тихоновка мектеп балабақша кешенінде шағын ғана бұрыңғының, көненің көзін білдіретін мұражай да ашылған екен.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520