шаблоны wordpress.

Артық ғылым кітапта…

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұжымы аптаның жұма күндері ашық есік күнін ұйымдастыруда.

Кітапханаға оқырмандарды көптеп тартуды көздеген шара «Жақсы кітап-жан азығы» деп аталды. Көрмеге қойылған жаңа кітаптар әр саланың мамандарына ақпарат ұсынады. Шараның алғашқы күнінде Бөрлі аудандық әкімшілік аппаратының ұжымы келді. Аудан басшысы Алдияр Халелов кітапхана ісінде атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ұйымдастырылған ашық есік күніне ризашылығын білдірді. «Қарапайым халықты, жастарды кітапханаға жиі келу бағытындағы жұмысты күшейту керек. Біз жаңа кітап алуға аз қаражат жұмысап жатқан жоқпыз. Үш тілділікті дамыту, аудио кітаптар, қазақтың күйлері мен ертегілері аудиокітаптарда бар. Отандық және шетелдік басылымдарды да кітапханадан табуға болады. Әдебиетіміз бен тарихымыз түгенделді. Осы бағытта елімізде жыл сайын тамаша кітаптар шығыуда. Мемлекеттік тілде жарық көрген жаңа кітаптармен кітапхана сөрелерін толтырамыз. Оның барлығы Елбасы айтқан «Рухани жаңғыруға», рухани баюға зор мүмкіндік. » деп атап өтті, аудан басшысы. Жалпы халықты кітап оқуға баулу мақсатындағы шара мұнымен шектелмейді. Шаһардағы ірі сауда орындарда «Тегін кітап ал» акциясы да ұйымдастырылмақ. Онда сөрелерге қойылған кітапты кез-келген тұрғын тегін алып, оқып болған соң қайта орнынан әкелуі керек. Әр тұрғын өзі оқып шыққан кітапты сол сөрелерге қоюларына да болады.
Әдеби ашық көрсетілім кезінде аппарат қызметкерлеріне жаңа оқулықтармен қатар көркем әдебиеттер, жаңа форматта шыққан кітаптар, басылымдар, мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқулықтар ұсынылды. Бұл шара әр аптаның жұма күні ұйымдастырылатын болады. Оған әр саланың басшылары мен мамандары шақырылып, қажетті кітаптар көрмеге қойылмақ.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520