шаблоны wordpress.

«Сапалы жұмыс талап етеміз…»

Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы А.Халауедин Қызылталда халық алдында кезекті есептік кездесуін өткізді.

Жыл бойы атқарылған жұмыстарды тізбектеген қала әкімі алда атқарылатын жоспарларды да сабақтады. Қала жолдарын күтіп ұстау жұмыстарынан өткізілуіне, қаланың оңтүстік бөлігінің 14 көшесін күрделі жөндеуден өткізілуі қарастырылғанын, сондай-ақ келер жылы Қызылталдың 16 көшесін күрделі жөндеуден өткізу және жол бойында көше жарығын орнату үшін жобалық сметалық құжаттырының әзірленуі жоспарда бар екенін жеткізген ол тұрғындарды алаңдатқан көкейкесті сұрақтарға да мардымды жауап қайтарды. Ауыл тұрғыны И. Бекежанованың айтуынша, өзі тұратын Аққұм көшесіндегі № 4 трансформатор сөніп қала береді екен. Сол жағдай 23-қаңтар күні болып, кешкі 6-дан түңгі сағат 2-ге дейін жарық болмағанын жеткізді. «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары» бөліміне хабарласса, бірде телефондарын алмайтынын, бірде «жөндеп береміз» деген сылтаумен құтылатындарын да айтып өтті.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520