шаблоны wordpress.

Аудан әкімі есеп берді

Бөрлі ауданыңда қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халеловтың өткен жылы атқарған есебі тыңдалып, биылғы жылы іске асуы тиіс жұмыстардың жәй жапсары ортаға салынды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында Бөрлі ауданының әкімі А.Халелов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Айталық, өңірде өткен жылғы бюджетті игеру 99,8 пайызды құрады. Бюджетке салық түсімі 107 пайыз болып отыр. Ауданда өнеркәсіпте, шағын және орта кәсіпкерлікте, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықта, тұрғын үйді пайдалануға берілуде оң динамика байқалады. Ауданда өндіріс өнімінің көлемі 1469,1 млрд теңге, инвестиция көлемі 105,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 75,3 пайызға көп. Аграрлық салалда да өсім бар. Ауданда ірі қара көбейіп, жылқы малының саны көбейген. Өткен жылы ауданда етті мал басын көбейту және сүт өндіретін, он үш ауылшаруашылық кооперативі құрылды.
Аудан басшысының есебін тыңғылықты тыңдаған кеңес мүшелері өңірдегі қоғамдық көліктің бірқалыпты жүруін назарға алуды сұрады. Одан бөлек шаһардағы көше аттарын өзгерту де өзекті мәселе екендігін айтты. Мәселен ауданның әлеуметтік маңызы бар нысандарды орналасқан басты көшенің әлі күнге «Советская» деп аталуы тәуелсіздігімізге сын деп атап өтті қоғамдық кеңес мүшелері. Одан өзге басқосуда жергілікті полиция қызметінің атқарылған жұмыстары тыңдалды. Сала мамандарының сөзінше, өңірде мал ұрлығы белең алып тұр. Мал ұрлау қылмысына тосқауыл қоя алмай отырмыз деген жергілікті полиция қызметінің басшысы, өткен жылы 28 мал ұрлығы тіркелгендігін тілге тиек етті. Қоғамдық кеңес мүшелері халықтың мұң мұқтажын тыңдап, мүддесін қорғау басты мақсатымыз деп біледі. Елдің талап тілегін жергілікті басшыларға жеткізіп отырған қоғамдық кеңес мүшелері айтылған талап аяқсыз қалмайтындығына қуанышты.
Жалпы бір жылдың ішінде Бөрлі ауданында атқарылған істер орасаң. Дегенмен бір орында тұрып қалуға болмайды. Осыған орай өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оңды істер қолға алынды. Аудан халқының тұрмысын жақсарту бағытындағы игі істер елдегі тұрақтылықтың көрінісі деген көпшілік, Елбасының биылғы Жолдауында жүктелген міндеттерді бағамдады.
Еліміз терең және қарқынды өзгерістер кезіңіне аяқ басты. «Қазақстан — 2050» даму стратегиясы қабылданды. «100 нақты қадам – Ұлт жоспары » жүзеге асырылуда. Аталған жоспар аясында «Қоғамдық Кеңестер туралы» заң қабылданып, қоғамдық кеңестер атты қоғамдық инстритут жұмыс істей бастады. Содан бергі өзгерістер ауыз толтырып айтарлықтай дейді, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мәлік Құлшар. Мәселен облыстық қоғамдық кеңес және оның төралқасы қоғамды толғандыратын мәселелерге дер кезінде көңіл бөліп, уақытында отырыстарында талқылауға шығарып отырады. Жыл ішінде қоғамдық кеңестің 5 кеңейтілген отырыстары өткізілді. Олардың күн тәртібінде облыс басшыларының есептерін тыңдалып, мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау, азық түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының облыста жүзеге асырылуы талқыланды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520