шаблоны wordpress.

Ауылдық ағайының айтары бар

Өткенге есеп беріп, болашаққа жоспар құратын әкімдер халықпен кездесуі жиындар Бөрлі ауданында басталып кетті.

Әр округке аудан әкімі Алдияр Халелов пен бөлім, сала, коммуналдық қызмет көрсететін ұйым басшылары, аудандық мәслихат депутатары қатысуда.
Сегіз ұлттың ауызбірлігін сақтап, достығын нығайтып отырған Александров ауылдық округінің әкімі Замир Мырзағалиев өткен жылға есеп беріп, шешімін таба алмай тұрған шаруаларды ретімен баяндады. Оның сөзінше алдыңғы есептік кездесуде тұрғындар көтерген үш мәселенің екеуі өз шешімін тапқан. Оны алғашқысы ауылдағы қаңғыбас иттерді құрықтау болса, кейінгісі ауыл мектебінде медбикенің болуы. Дегенмен тұрғындар үшін ең маңызды мәселе Ақсай Александровка бағытына қатынайтын қоғамдық көліктің бір жылдан бері жүрмеуі болып отыр.
Мал шаруашылығын дамытуды мақсат етіп қойған округте бүгінгі таңда 13 шаруа қожалығы тіркелген. Жиында аудан әкімі Алдияр Халелов шағын бизнесті дамытып отырған жандарға тоқталып, «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан отбасыларды да айтып өтті. Ауыл тұрғындары бұл жиынға белсенділік танытты. Ауылдық ағайын мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалардың қолданылуын, ауылға келген мамандарға тұрғын үйдің жоқтығын, ғаламтор мен ұялы байланыстың нашарлығын тілге тиек етті.
Айта кету керек, өткен жылы ауылға «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ауыз су тартылып, әр шаңыраққа аузсумен қамтылды. Ақсай Жымпиты жолына асфальт төселуде. Аталған жұмыс өткен жылы басталып, 15 шақырым жол қалпына келтіріліді. Бұл жұмыс биылда жалғасын тауып, келесі жылы толығымен аяқталмақ. Жиын барысында қанша жылдан бері халықты толғандырып, ашуын туғызып келе жатқан осы күрделі мәселенің шешуі табылғандығына аубан басшысына алғысын жеткізді. Ендігі халықтың сұрап отырған ғаламтор мәселесі өте орынды деді, Алддияр Сансызбайұлы. «Ақпарат ағыны дамыған заманда қарапайым халықтың дәрігерге электронды тіркелуі үшін де ғаламтор қажет ақ. Тіпті ауыл тұрғындары мал сойып, оны ет базарына тапсыру үшін де берілетін анықтаманы ветеренарлық дәрігері аудан орталығына барып, шығарып беруге мәжбүр. Ол уақытты талап етеді. Дегенмен бұл мәселені біз білеміз. Арнайы жобамызда әзір. Сондықтан біз бұл істі биыл аяқтап береміз» деп уәде барді, аудан басшсы Алдияр Халелов. Сонымен қатар ауылдықтар өз әкімдеріне қанағаттанарлық деген баға беріп, ауылдық учаскелік полиция инспекторына, амбулатория қызметкерлеріне алғыстарын да жеткізді. Әр сөйлеушіні мұқият тыңдаған аудан әкімі А.Халелов тұрғындары оң бағасын беріп жатқан ауыл әкімінің жұмысына ризашылығын білдірді.
569 тұрғыны бар Ақсу ауылдық округіне де аудан басшысы ат басын бұрды. Жалпы, округ аумағына Ақсу және Жаңақоныс елді мекендері енеді. Жиын барысында жастарды өз кәсібін ашып, өз бизнесін бастауға шақырған жас кәсіпкер ауыл әкімі Ғарифолла Өтепбергенов ауылдың тыныс тіршілігін баяндады. Былтырдың өзінде ауылға жеті жас маман келген. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша екі бірдей отбасы, мемелекеттен көмек алдыБасқосуда ауылдықтар денсаулық саласы бойынша сұрақтарын төтесінен қойды. Ауылдық амбулаторияға компьютер қажет екндігі, жедел жәрдем көлігінің талапқа сай еместігі айтылды. Ал ауыл әкімі осы жылы жасалуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Ол ауылға жаңа трансформаттор орнату, Жаңақоныс ауылындағы көшелерде бұрын орнатылған жарық шамдарын, электр қуатын үнемдегіш шамдарға ауыстыру, екі қызметтік тұрғын үйге жөндеу жүргізу.
Әр округте де аудан басшысы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, халықтан бірігуді сұрады. Біріксек қана мәңгілік ел болатынымызды айтқан ол мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламаларды текке жібермей, қатысуларын да өтінді. Бағдарламаларды тұрғындарға түсіндіру, оған қатысуға ниетті жандарға барынша қолдау көрсету мақсатында әр округте дербес бөлім басшылары барды. Сала басшылары тұрғындардың қойылған сұрақтарына да жауап беріп, жекелеген азаматтармен де тілдесті.
Жалпы қай округте болмасын көтерілетін мәселе ортақ. Ауыз сумен 91,2 пайыз, көгілдір отынмен 93,5 пайыз қамтылған біздің ауданда бұл мәселелер енді көтерілмесі де анық.
Ауылдық ағайынның айтар шағымы мен қояр талабы – ауылдан Ақсаға қатынайтын маршруттың мүлдем жүрмеуі. Тұрғындардың ашуын туғызған бұл мәселені өңір басшысы біліп-ақ отыр. Биылғы жылы бұл мәлеле оң шешімін таппақ.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520