шаблоны wordpress.

Кәсіпкерлер қаланы көркейтуге күш салмақ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы әр қазақстандықтың партриоттық сезім оятқаны белгілі. Соның ішінде «Туған жер» бағдарламасы туған елін, жерін сүйген азаматтармен көркейе түсті.

Іскер азаматтар өзінің кіші Отанын гүлденуіне ат салысып, түрлі қайырымдылық шараларына белсене қатысуда. Ал «Атамекен» кіші бағдарламасының жөн тіптен бөлек. Мәселен, Бөрлі ауданында аталған бағдарлама аясында Бөрлі ауданында шағын және орта бизнес субьектілері әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолға алды. Өңірде мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында оңды істер жасалып, іске азаматтар қайырымдылық акцияларына белсене қатысуда. Биыл да бұл жұмыс жалғасын таппақ. Мәселен алдағы уақытта «Наурыз» саябағы сулы жасыл бульварға айналады. Бұл бастама бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігі тағы бір көрінісі болмақ. Тынымбақ түбегейлі өзгеріп, жергілікті тұрғындардың демалуына барлық жағдай жасалады.
Бүгінде бұл саябақ қала тұрғындары тынығатын сүйікті орынның бірі. Сондықтан оны адам танымастай етіп өзгерту жергілікті биліктің басты мақсаты болып отыр. Өңірге аты таныс кәсіпорын саябақтың бейне жоспарын жасақтады. Жоспар бойынша мұнда салынатын субұрқақтар қалаға сән беріп, архетектуралық мүсіндер де тынымбақтың шырайын келтірмек.
«Саябақтың инженерлік бағытын ескере отырып, бірнеше бөліктерге бөлдік. Дегенмен мұнда балалардың ойын алаңы, спорттық жабдықтар қойылатын алаң болады. Тіпті жас жұбайлар алаңы да болады»,- дейді инженер жобалаушы Райымбек Оспанов. Маман кәсіпкерлер назарына жобаның бейне жоспарын ұсынды. Бірақ бұл жобаның нақты көрінісі емес. Басқа да өзгерістері мен толықтырулар болуы мүмкін. Ол үшін аудан әкімшілігі мен кәсіпкерлер арасынан жұмысшы топ құрылды. Жалпы билік пен бизнестің қаланы көркейту жолында бірігіп атқарар жұмысы тек бұл емес.
Жеке кәсіпкер Фирия Галиева бұл бастаманы толық қолдайтындығын айтады. Жалпы, кәсіпкер қала өміріне өңірдегі іскер азаматтардың араласқандығына қуанышты. «Аудан әкімшілігі сүйікті қаламыздың көркейуі үшін бірнеше жобалар ұсынды. Жиынға қатысқан әр кәсіпкер өз қаласына шын жүректен көмектескісі келетіндігін айтты. Оның ішінде «Наурыз» бульварынның болашақ көрінісіне презентация жасалды. Біз оның қандай болу керектігін көзбен көріп, бұл ұсынысты қолдауды ұйғардық.Енді біздің ортақ мақсатымыз бар. Сол біздің басымызды біріктірді. Мұның барлығы да шын жүрекпен жасалады.» дейді, кәсіпкер.
Ақсай қаласының келбеті, жыл өткен сайын жаңарып келеді. Қаланың орталық алаңы, көшелер мен саябақтар жаңа кейіпке еніп, тұрғын үйлер бой көтеруде. Қалаға сапалы жол салынып, көшелерге жарық шамдары қойылды. Аудандағы оңды өзгерістерде жергілікті кәсіпкерлердің үлес салмағы зор. Мәселен ауданында 3700 шағын және орта бизнес өкілдері өз кәсібін өркендетуде. Олардан өткен жылы 3 млрд 400 мил теңге салық түскен. Оның ішінде 890 млн теңге аудан қазынасына құйылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 15% ға көп. Кәсібін өркендеткен іскер азаматтар өңірдегі 12000 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Аудан дамуы үшін осы жылы атқарар шаруа шаш етектен. Шаһардың қос ауданын қосатын көпір салу, оқушылар сарайы, музей мен мұз айдынын салу жоспарда. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша өңірді ауызсумен қамту жүз пайызға отырндау да межеленген міндет. Шағынаудандарды абаттандыру, автотұрақ пен балалар ойыналаңдарын салу күн тәртібіндегі шаруа.
Жиын барысында аудан басшысы Алдияр Халелов өңір кәсіпкерлеріне бірлесіп атқарған жұмыстар үшін алғысын жеткізді. «Аудан халқымен кездесуде жол мәселесі төтесінен қойды. Бұл мәселені шешу үшін 2 млрд теңге жұмысадық. Нәтижесінде он төрт көшеге асфальт төселді. Биыл шаһардағы 23 көшені жөндейміз. Бұл үшін былтыр құжаттар дайындалды.» деді, өңір басшысы.
Жалпы қаланы абаттандыру бағытындағы жұмыстарға ақсайлықтар қуанышты. Әсем қаланың шырайын келтіріп, көркін кіргізетін жарқын істер жалғаса бермек.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520