шаблоны wordpress.

Жастар, қоғам және дін

Бөрлі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өңірге ҚР Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Талдау жұмысы бөлімінің басшысы, РАНТ мүшесі Тұрар Әбуов келді.

Алдымен аудан әкімімен кездескен Тұрар Түгелұлы қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдыналу мәселесі бойынша және деструктифті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарды қайта оңалту бағыттары мен жастардың арасында діни сананы қалыптастыру бағытында да елімізде ауқымды іс шаралардың жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті.
Одан кейін ауданға келген мейманның қатысуымен «Рухани жаңғыру және дстүрлі діни сана» атты облыстық форум өтті. Онда облыстық дін істері департаментінің басшысы Саялбек Ғизатов, Орынбор облысы аймақтық мұсылмандар басқармасының төраға орынбасары Нур Мусакаев, облыс бойынша өкіл имам Руслан Сұлтановтар қатысты. Форумда Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов сөз сөйлеп, татулық пен келісім туралы ой қозғады. «Дәстүрдің озығын алып, тозығын қалдыруымыз қажет. Елімізде орныққан татулық пен келісім — қазақ халқының рухани құндылықтарын ұлқтау мен мемлекеттің дін саласындағы салиқалы саясатының жемісі. Дәстүр мен дін рухани жаңғыру мен ұлттық әдет ғұрыптар үйлесім тауып, Елбасымыздың бастамаларын терең түсініп, жүзеге асыруға әр қайсысымыз берсене ат салысқанда ғана мемлекеттігін нығайтуға, қоғамдық сананың жаңғыруына еліміздің одан әрі дамуына қол жеткізуге болады» — деді Еркебұлан Нұретдинұлы.
Облыста 14 ақпараттық топ жұмыс жасайды екен. Бұл топ құрамына мемлекеттік қызмет, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер кіреді. Түсіндіру шарасы бойынша жұмыс жасайтын ақпараттық топтың атқарар жұмысы мол. Мінбеге көтерілген қонақтар осы істе белсенділік танытқан Бөрлі ауданының әкімдігі мен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің жұмысына сәттілік тіледі.
Жиында қоғамдық бірлестіктердің маңыздылығы да айтылды. Мәселен, теріс діни ағымнан зардап шеккен жандар мемлекеттік ұйымнан емес, қоғамдық бірлестіктерден көбірек көмек сұрайды екен. Сондықтан қоғамдық бірлестік халық пен билік арасында көпрі десті, жиналғандар. Мемлекеттік органдардың барлығы үкіметтік емес ұйымдарды қолдайды. Жалпы, жиын ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан республика бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын байқатты. Әсіресе, министрліктің осы дін саласында екі негізгі бағыт бойынша жұмыс атқарылуда десті, қонақтар. Одан бөлек,мемлкеттік деңгейде құжаттардың қабылдануы, әсіресе, республика бойынша дін мәселесіне қатысты, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша екі бағыт бойынша жұмыс жасап жатыр екен. Оның алғашқысы профилактикалық жұмыстар болса, екінші оңалту жұмыстар. Себебі бүгінгі таңда Президенттің «2050 стратегиясында» қоғамда дұрыс діни сана қалыптасту ең өзекті мәселенің біріне айналып отыр. «Өйткені кей бір азаматарымыздың діни санасы бұзылғандықтан, қоғамдағы кей бір проблемаларды ушқтырып жатқан жағдайы бар. Оған бүкіл республикада жер жерде болып жатқан діни қызмет және діни бірлестік туралы заңға қарсы әрекеттердің орын алуы, заңсыз діни әдебиеттердің таларуы немесе заңсыз миссионерлік қызметпен айналысуы, кейбір діни бірлестіктердің, әсіресе мешіттердің ішінде сол мешіттік имамдарына бағынбау жағдайлары орын алуы осындай түрлі жағдайлар орын алғандықтан, 1 республикалық және 250 жуық өңірлік ақпараттық түсіндіру топтары жұмыс жасайды. Аудан әкімінің шақыртуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әсіресе бұл Елбасның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алған, осымен үндесіп жатқан, осы тақырыптың аясында кеңінен түсіндіру мақсатында мамаыр айында ел Президентінің жарлығымен дін саласында мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған арнайы тұжырымдамасы бекітілді. Арнайы бағдарлама да бекітілді. Түзетулер мен өзгертулер үкіметке жолданды.» деді РАНТ мүшесі Тұрар Әбуов.
Жалпы елімізде діни ахуал тұрақты, десті жиналғандар. Бірақ кейбір діншілдік кейбір мәселелер бар. Ол жамағат арасындағы мәселелер. Яғни діннің ішкі қонымдарына. Мынау болады, мынау болмайды деген талас, тартыстар орын алып жатады. Мұның барлығы Министрлікпен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының және Проваслав шіркеуі басшыларының арасындағы ынтымақтастық, бірлестік жұмыс жасау жөнінде мемарандум аясында шешілуде екен. Соның ішінде мешіттің ішкі ережелері қабылданып, жамағат арасындағы кекілжің мәселесі тоқтап жатыр деп толық қанды айтуға болады екен. Бұған дейінгі орын алған әртүрлі фактілер имам мен жамағат арасындағы келіспеушіліктер, бүгінгі таңда біраз сейілген. Сонымен қатар діни ахуалдың тұрақтылығын айта келетін маңызды мәселе, ғаламтор арқылы тарайтын әлеуметтік желідегі діни дескуссия алаңына айналған парақшалардың жойылуы. Министрлікпен бас прокуратура арасындағы келісім бойынша жұмыс жасалып, теріс деструктифти діни ағымдарды насихаттайтын барлық парақшалардың жойылуы немесе идиологияның алдын алу жұмыстары қарқынды көрнеді . Соның нәтижесінде бүгінгі таңда әлеуметтік желіде бұрынғы кезеңмен салыстырғанда біраз төмендегенін байқауға болады десті, қонақтар.
«Облыста 9 конфессияның құрайтын 75 діни бірлестік қызмететіп жатыр. Ерекшелігіміз тоғыз конфессияның ішінде буддизм діни бірлестігі бар. Бұл тек қана біздің облысымыз бен Алматы облсында тіркелген. Өзге өңірдегі конфессиялардан ерекшелігіміз сол. Облсыта 3724 шара өткен. Аталған шараларда үкіметтік емес ұйымдарды ролі басымырақ. Сол себапті үкіметтік емес ұйымдарға қолдау зор. Елбасы сөзі естдіңіздер өткен жылда әлемнің жүз он екі мемлекетінде діни экстремизм мен терроризм белең алған екен. Нақты айтсақ , терористік актілер орын алған деген сөз» — деді, облыстық дін істері департаментінің басшысы Саялбек Ғизатов.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520