шаблоны wordpress.

«Гран-при жауған ай…»

Арқаның кербез сұлу Көкшетауының баурайында өткен республикалық «Ақ желең» байқауында «Глобус» театр-үйірмесі театр номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығалап қайтты.

Республиканың түкпір-түкпірінен келген жас әрі дарынды өнерпаздардың басын біріктірген байқауда әр номинация бойынша сынға түскен қатысушылар төрт күн бойы өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ көркем сөз оқу жанры бойынша қатысқан Мадина Қайыржан ІІІ орынды иеленді. «Глобустың» тәрбиеленушілері ұстаздарына ризашылығын білдіріп жатса, Елдос Елемесұлы «Ұстаздан шәкірт озар» деп оқушыларын ерекше мақтанышпен айтып отыр. Естеріңізге сала кетейік, осындан бір ай бұрын өткен «Жастар жалыны – 2017» байқауында да «Глобустықтар» театр номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алған болатын. Бұл жетістіктерін олар «Гран-при жауған ай» деп атады.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520