шаблоны wordpress.

Ақпараттық-түсіндіру тобы Ақсайда

Бөрлі ауданында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитетінің (ҚР ДІАҚМ ДІК) бастамасымен құрылған дін мәселесі бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мүшелерінің қатысуымен кездесулер өтті.

Алдымен ҚПО компаниясының қызметкерлерімен өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов, ҚР ДІАҚМ ДІК «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ольга Гайко, «Парасат» ҚБ төрағасы Қанат Жакенов қатысты. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары мен бағыттары жөнінде айтқан Ольга Александровна діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша іс-шараларға тоқталды. Әсіресе әр ата-ана немесе ересек тұлға балаларының, бауырларының әлеуметтік желілеріндегі акаунттарын қарап тұру қажеттігін баса айтты. Олардың қандай әлеуметтік желіге тіркелгенінен бастап, қандай сурет не бейнежазбалар қарайтынын, әуендер тыңдайтынын жіті назарда ұстау қажет деді. «Бәлкім балаңызға қымбат киім не велосипед емес, керісінше отбасындағы туыстарының өзін тыңдағаны әлде ой бөлісіп, әңгімелескені қажет шығар», — деген Ольга Гайко экстремизм мен терроризмді насихаттау не осы мәселелерге қатысты қандай да бір іс-әрекеттер бойынша бала 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Яғни тек өмірде жүзеге асыруға ғана емес, әлеуметтік желіде отырып, экстремизмді насихаттап немесе экстремистiк материалдарды таратуға да қатаң тыйым салынады. Тұжырымдамада атап көрсетілгендей, Қазақстанның әрбір азаматы этникалық шығу тегі мен діни көзқарасына қарамастан, өзінің мәдениетін, дәстүрі мен тілін дамытуға, қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларына атсалысуға құқылы. Бірақ айналадғы адамдарға зияны болмау керек. Өйткені зайрлылық қағидаттары бойынша демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанда мемлекеттік шешімдер қандай да бір діннің немесе оның жекелеген ұстанушыларының мүддесіне орай емес, тұтас қоғамның мүддесі негізінде ғана қабылданады.
Кездесу барысында Ольга Александровнаға дін мәселелеріне қатысты бірнеше маңызды сұрақтар қойылды. Мешітке кәмелет жасқа толған баланың баруына бола ма әлде қасында ата-анасы болу керек пе деген сауалдың мәні зор деген Ольга Гайко бұл мәселе талқыланып жатқанын айтты. 16 жасқа толмаған балалар мешітке ата-анасының екеуінің де келісімімен және қасында олардың бірі не заңда өкілінің болуымен ғана келуі мүмкін. Бірақ бұл мәселе заң шығарушы органда қаралуда. Сондай-ақ құрылғанына онша көп уақыт өте қоймаған дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жұмысы жөнінде де ақпарат сұрады. Намаз оқитын, құлшылық жасайтын арнайы жерлер мемлекеттік мекемелерде болмайтынын, ал жеке компанияларда өздерінің ішкі тәртібі арқылы шешілетіні айтылды.
Ақпараттық топ бұдан соң Ақсай мешітінде әйелдержамағатымен жүздесті. Мұнда «Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» ЖШС-ның директоры Беркимбаева Индира Келімбекқызы отбасы құндылықтарын сақтау, бала тәрбиесі жөнінде мәні терең мысалдармен мағыналы әңгіме айтты. Әйелі ерін құрметтеп, баласына әкесін сыйлауды үйретсе, ері әйелін бағалап, ұл-қызына анасын қадірлеуді үйретсе, шаңырақ шаттығы сақталып, отбасы құндылығы артады деді. Сондай-ақ РАНТ мүшелері «Евангель Жарығы» Евангельдік христиан баптисттер «Совет Евангелия» шіркеуі» Ақсай қаласындағы филиалында болып, қызметімен танысты.

Ясипа РАБАЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520