шаблоны wordpress.

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА СЫЙЛЫҚ

Жеке кәсіпкер ауру балаларға тірек-қимыл жүйесін түзейтін құрылғыны тарту етті.

Бөрлі аудандық орталық ауруханасында осыдан бір жыл бұрын ашылған «Қайырлы үміт» оңалту орталығы сегіз жаңа аппараттармен толықты. Өңірдегі кәсіпкердің демеушілігімен іске асқан игі шара кембағыл балалар мен олардың ата-аналарына зор үміт сыйлады. Аталған аппараттар балалардың қимыл қозғалысын оңалтып, қан айналым жүйесін жақсартады екен. Ақсай қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Жиеналиевтың арбаға танылғанына он бір жыл болды. Оған өз бетімен қозғалу қиямет-қайым. Ауыр дерттен айықтыру үшін анасы перзентін апармаған жері жоқ. Берісі Астана мен Алматы, әрісі Ресейдегі оңалту орталықтары. Ұзақ жолға қиналатын Нұрсұлтан үшін бұл оңай соқпады. Қолы ашық жанның ерекше сыйлығы Нұрсұлтаннан өзге 33 бүлдіршін мен олардың ата-аналарын қуанышқа кенелтті. Балдырғанның анасы Анаргүл Жиеналиева «бұл аппаратты өзіміз үйге алуға жағдайымыз келмейді. Сондықтан осы орталыққа келеміз. Әрі мұнда білікті мамандар ұлымы қажетті ем домын жасайды. Нұрсұлтанға барлық дәрігердің жүзі таныс. Олардың айтқанын істеп, тапсырмаларын орындайды. Жаңадан келген аппараттар ұлымның денсаулығын одан әрі жақсартанынына сенімдімін», дейді ол.
Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі 80-аса бүлдіршін бар. Соның ішінде балалардың сал ауруы, бас миының жабық зақымдануы мен даун синдромы аурулары көптеп кездеседі. Осы орайда арнайы жабдықтар — тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар үшін таптырмайтын құрал. Төсекке таңылып, сіңірі тартып қалған жандар осы құрылғы арқылы жаттықтырылса, жүре-бара оңалып, тіпті жүріп кетуі де ғажап емес дейді мамандар.
Өткен жылы оңалту орталығының ашылуына кәсіпкер Қайрат Қапашев 8 вертикалды тірек қозғалтқыш қондырғыны сыйға тартқан болатын. Енді міне бір жыл өтпей жатып, тағы да сегіз аппаратты кембағыл балалардың оңалуына берді. Аталған қондырғылар оралдық мүгедек жандардың қолынан шыққан. Сапасы ресейлік кәсіпкерлер шығаратын өнімнен кем түспейді, бағасы екі есе арзан.

Айым Нұрғалиева

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520