шаблоны wordpress.

Жұмыс тобы Ақсайда

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы, Батыс Қазақстан облысы дін істер басқармасы, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік» жобасы аясында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бөрлі ауданына келген жұмыс тобы үш бағыт бойынша жұмыс жасады. Оның бірінші тобы, алдын-алу жұмыстары бойынша, екінші топ — әйел жамағатымен жұмыс жасайтын топ. Үшінші топ – діни сенімді ұстанатын және дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдерімен жұмыс.
«Ақтөбе қаласындағы терактыдан кейін, Елбасының тапсырмасы бойынша 230 адамнан тұратын арнайы топ Ақтөбе облысында арнайы жұмыс жасады. Ақтөбе тәжірибесі негізінде біздің облысымызда да жүзеге асып жатыр. Бұған дейін Жаңақала ауданында болдық, Теректіде де болдық. Біздің бағыт бойынша жаппай кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Басты мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу. Негізінен Дін істері басқармасының тарихында бірнеше құраммен аудандарға шығу мәселесі бұрын болған емес. Сол себепті де басты мақсат бәріміз жаппай осы бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізсек деген ниеттеміз», — деді облыстық дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов. Жалпы жұмыс тобында басқа ауданның да имамдары, Екібастұз мешітінен келген имам Бауыржан Отарбаев, БҚО мешітінің әйел секторының меңгерушісі Гүлжайна Рахметова сынды мамандар да бар. Ең алдымен аудандық әкімдіктің залында өткен кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмағұлова келген қонақтармен таныстырып, екі күнге бекітілген жоспарды түсіндіріп өтті. Одан кейін ауылдық округ әкімдерімен, дінтану пәнінің мұғалімдерімен кездесулер өтті. Түстен кейінгі жоспар бойынша «Жаназа және жерлеу рәсімі» атты аудандық имамдардың семинары болды. Бұл семинарға БҚО мешітінің бас имам Руслан Сұлтанов, Екібастұздан келген имам Бауыржан Отарбаев, Ақсай қаласының имамы Мейрамбек Абдрахманов және көршілес аудандардың имамдары қатысты.
Бірінші болып сөз алған Руслан Тыныштықұлы:- Біздің семинарымыздың тақырыбы қазіргі кезде айтылуы керек семинар болғалы отыр. Тіршілік бар жерде өлім бар. Өзекті жандарға бір өлім . Барлық жағдайда бұл өмірден кемек бар, бұл өмірден кетпек бар.Бұл өмірге келген адамды дәстүрлі түрде о дүниеге аттандыруға да атам қазақ ерекше көңіл бөлген. Сол себепті осы уақытқа дейін әр жердің салты басқа, иті қара қасқа деп сонау біздің тек қана Батыс өңірі бойынша ғана емес, басқа аудандара да дәстүрлер әрқалай атқарылады екен. Жерлеу рәсімі, садақасы, оның дастарқан мәзірі. Сондықтан соңғы кезде қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі болып келеді. Шыны керек, қайғылы дастарханымыз той дастарханынан кем емес. Бір адамдар соның себебімен несие алып, соңғы үйінен айырылған жағдайға да куә болдық. Қазақстан мұслмандары Діни басқармасы осы уақытақа дейін 80 нен астам пәтуә берді. Соны ішінбегі үлкен бір пәтуәсі – жаназа және жерлеу рәсімі.
Қазастан мұсылмандар діни басқармасының шығарған « Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабында өзекті жанға бір өлім, хал үстінде жатқан жанның ахуалы, жан тәсілім еткеннен кейінгі шаралар, мәйітті жуындыру мен кебіндеу, жаназаға қатысты үкімдер, жерлеу рәсімдері мен қабыр мәселесі және қабырды зиярат ету мәселелері жазылған. Бұл кітап ғұламалар кеңесінде екі жыл қаралып, дайындалып, 11 мың данамен жарық көрді. Аталмыш рәсімді дұрыс атқарғыларыңыз келсе, осы кітапты оқуға кеңес беремін.Міне, осындай ой түйіндеген Руслан Тыныштықұлының ой пікірін имамдар мен ақылман ақсақалдар да қолдады.
Әрине, жақынына айырылып, қабырғасы қайысып отырған жангдардың қайғы-қасіретін түсіну қиын. Әйтсе де, әр адам өлім-жітімді болған жағдайда имамның бұйырығына, щариғатымыздың қағидасына мойынсұнғаны дұрыс-ақ. Қазіргі кезде еліміздегі мұсылмандар арасында қайтыс болған адамды жерлеудің жөн-жосығы әрқалай. Оның басты себебі – қазақ халқын діни сауатсыздық билеген кездегі Ислам дінінің жан-жақты тоқырауға ұшырап, діни ғұрыптардың түрліше өзгеріп қалыптасуы. Осы күні марқұмды жөнелтудегі орынсыз жасалатын жоралғыларды доғару, ысырпақа жол бермеу, мәйітті шариғат жолымен жерлеу үшін белгілі бір жұмыстардың жүргізілуін уақыттың өзі талап етуде. Имам айтқандай, жерлеу рәсімінің өзін қазір мейрамханаларда бьеретін болдық. Негізінен шарғитта ондай нәрсе жоқ. Бұл жай ғана бір-бірімен бәсекелестік шығар( ештенеден, ешкімнен кенде болмау). Дегенмен, дінімізде шамаң жетпесе де, міндетті түрде қарызданып, артық шығын жұмсап, өлі атынан үлкен мал сойып, садақа бер деген үкім жоқ. Садақаны әрікм шама-шарқына қарай береді.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520