шаблоны wordpress.

Отбасы құндылығын насихаттады

Отбасы күніне орай Ақсай қаласында Достық үйінің ұйымдастыруымен «Отбасы — тіршіліктің тірегі» атты шара өтті.

Елдос Габдрахманов жетекшілік ететін «Глобус» театралдық үйірмесінің тәрбиеленушілері арнайы шақырылған Ақжоловтар, Рахматовтар және Акашаевтар отбасылармен кездескен болатын. Әр отбасыға отағасы мен отанасына өмірлеріндегі ең бақытты сәттер, бос уақыттарын отбасы болып қалай өткізетіндері жөнінде, отбасылық қағидалары қандай деген бағытта сауалдар қойылды.
Әке атанғандағы сезім бақытқа бөлейтін ерекше сезім деп атап өткен Ақжоловтар отбасының отағасы отбасында ұл-қызына қазақы тәрбие беретінін айтса, Акашаевтар отбасының отағасы бала «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп, отбасыдағы тәрбиенің рөлі зор екеніне ерекше тоқталды. Рахматовтар отбасының үлкен ұлы Джафарбек барлық ұлттың балаларымен дос екенін, отбасында үлкендерге көмектесіп, кішілерге қамқор боламыз деді. Әр отбасының отанасы дайындап әкелген ұлттық тағамдардың дайындалу әдісімен таныстырып, салт-дәстүрлер жөнінде ой бөлісті. Қонақтар оқушылар қойған сауалдарға жауап беріп, үш отбасының балалары өз өнерлерін көрсетіп, ыстық ықыласқа бөленді. Кездесу соңында Достық үйінің директоры Мирас Бақтығұлов отбасыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.

Ясипа РАБАЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520