шаблоны wordpress.

Халықтың сеніміне кіру керек

Бөрлі ауданына арнайы келген облыстық соттың төрағасы Бек Әметов аудандағы кәсіби емес медиаторлардың, ауылдық округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшыларының басын қосқан кездесу өткізді. Басқосуды аудан әкімі Алдияр Халелов жүргізді.

Кездесу барысында Бек Әметұлы еліміз бойынша сот қызметінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, соның ішінде цифрландыру мәселелері мен медиацияны жандандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды ерекше атап өтті. Еліміздегі сот жүйесі цифрландыруға ең бірінші көшкендердің қатарында екенін айтқан сот төрағасы бұл жаңашылдық соттағы қағазбастылықтан арылуға оң әсер етті деді. Сондай-ақ сот процесі кезінде фото-бейнежазба құралдарын қолдану да хаттама толтыру кезінде қандай да бір түсініспеушіліктің болуынан, соған қатысты дау-дамайдың шығуын жоюға үлкен себеп болғанын айтты. Өйткені жазылған бейнежазба қайда болса да басты дәлел бола алады. Бүгінгі таңда облыс бойынша осындай құрал-жабдықтармен жасақталған 69 зал бар. «Қылмыстық деңгейдің түсуіне әлеуметтік жағдайдың түзелуі елеулі әсер етеді. Мәселен, былтыр Бөрлі ауданы бойынша 8 айда 209 қылмыстық іс кеп түскен. Биыл 102 қылмыстық іс қаралған. Демек, алаңдаушылық екі есе азайды. Тұрмыстық жағдай екі есе өсті. Бұл жағдайдың жақсарғанын көрсетеді. Ал өткен жылы ауданда 1600 азаматтық іс түскен болса, биыл 1200 іс боп отыр. Бұл да дау-дамайдың азайғанын көрсметеді. Осы ретте медиаторлардың рөлі қандай? Азаматтық істерді медиация арқылы шешу жұмыстарының қарқыны қандай? Ілгерілеушіліктер бар ма деген сауалдар туындайды. Әлі күнге дейін медиация дұрыс нәтиже бере қойған жоқ», — деді Бек Әметұлы. Сот төрағасының айтуынша бұған бірден-бір себеп — медиацияны насихаттау жұмыстарының төмендігі. Халық арасында позитивті жағадай жасау қажет. Екіншіден, медиаторлардың біліктілігін, дайындығын көтеру қандай деңгейде екендігінде болып отыр. «Осы тұрғыдан алғанда аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы келер жылы аудандық бюджеттен медиаторларды оқыту бағытында қаражат қарастырып, мәселені жан-жақты ойластырса деп ойлаймын. Ол үшін медиаторлар арасынан белсенді адам шығып, өздерінің басын біріктіретін қоғам немесе бірлестік құрып, қанша адам оқиытыны жөнінде аудан басшылығына айту қажет. Соған сәйкес қаражат бөлінетін болады», — деген облыстық соттың төрағасы медиаторларды тарыдай болып шашылмай, бастары бірігіп жұмыстануға шақырды. Бүгінгі таңда аудандағы 14 ауылдық округте және қалада 4 кәсіби емес медиатор жұмыс жасауда. Қаладағы медиатордың бірі К.Жұмабаева медиация тақырыбында семинар, дөңгелек үстелдер өтіп тұратынын, бірақ дау-дамаймен келетін тұрғындар аз екенін айтып өтті. «Округтерде медиаторлар қараған ісі аз болса, бұл ауылда бәрі жақсы деген сөз», — деген Приурал ауылдық округі бойынша медиатор С. Құлманғожиева тұрғындарға медиацияның пайдасы бар екенін де айтып өтті. Басқоуға келгендер өз ойларын ортаға салып, облыстық сот төрағасы қойылған сұрақтарға жауап берді.
Басқосуды қорытындылаған Бек Әметұлы медиаторлар халық үшін тегін жұмыс жасап, тұрғындардың сеніміне кіріп, олардың дау-дамайларының сотқа жетпей шешілуіне үлес қосу керек деді.

Ясипа РАБАЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520