шаблоны wordpress.

«Сағындым сені туған ел…»

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, халымымыздың сүйікті әншісі, біртуар компазитор «Отан» орденінің иегері Қазақстан Республикасының халық әртісі Ескендір Хасанғалиев Бөрлі жеріне келіп ән кешін өткізді.

Бұл күні Ескендір ағаның есті әндері жүректен шықты, тыңдаушының жүрегіне жетті. Бұл кеште кіштентай баладан, еңкейген кәріге дейін әншінің әнін бірге шырқады. Себебі дүниеге сәбидің келуімен, оқушы, студент, алғашқы ғашықтық сезім, ана мен әкеге құрмет, мәңгі ескірмейтін махаббатқа анап шығарған әр әнін халқымыз жатқа біледі. Ән кешінде киелі Қаратөбе елінің тумасы елге деген сағынышын әнмен жеткізді. «Қайда жүрсем туған жерім, сен есімнен шығармысын … » деп әндеткен Ескендір аға бөрліліктермен амандасып алғандай болды. Одан соң «Туған елім», «Айым болып тудыңба ?!», «Анаға сәлем», «Мектеппен қоштасу әні», «Аттандық сапарға» әндерін Ескендір аға тыңдарманмен бірге қосыла шырқады. Ал сахнада «Айналайын», «Әдемі-ау» әндері орындағанда көрермен лирикалық әуенмен көркемделген тамаша туындыны тағы бір тыңдап, марқайып қалды. Қазақтың дарынды ұлы Ескендір Хасанғалиев сахнаға өміріне серік, өнеріне көрік болған аяулы жары Дарико жеңгемізді шақырып, екеуі қосыла «Келеміз бірге» әнін шырқады. Бұл сәтте Ескендір аға жастарға бір бірін сыйлауға және махаббаттарының мәңгі болуын тіледі.
Ескендір ағаның әуеніне жазылған бірнше әнді аудандық демалу орталығының әншілері Жаңыл Чугирова, Әсел Куджанова, Батырхан Рабаев және Гүлнұр Мамбеталиева мен олардың шәкірттері орындап, әнші ағаның ақ батасын алды. Жиында сөз алған аудан әкімі Алдияр Халелов, Ескендір ағаның өнеріне басын иіп, бөрліліктер атынан алғысын жеткізді. Айта кету керек, бұл ән кеші Елбасының мақаласында жарияланған «Туған жер» бағдарламасының орындалуыны бір көрінісі.
Қазақ даласының екінші әнұранына айналған батыстың қос ұлы Ескендір Хасанғалиев пен Қадыр Мырза Әлидың әні мен сөзіне жазылған «Атамекен» әнін көрермен орнынан тұрып, әншімен бірге шықады. Ауданық Мәдениет үйіне халық көп жиналмаса да, Ескендір ағаның әр әнін жүрегімен сезе білген көрермен ыстық ықыластарын үздіксіз соғылған қошеметпен білдірді. Өнердің қадірін білетін, әннің құдіретін түсінетін халық барда Ескендір ағаның есті әндері ешқашан ескірмек емес.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520