шаблоны wordpress.
САХНА МӘДЕНИЕТІНІҢ ҮЛГІЛЕРІ
Бөрлі аудандық демалу орталығының жанынан құрылған Батырхан Рабаев пен Гүлнұр Мамбеталиева жетекшілік ететін «Бал дауыс» вокал үйірмесінің жас дарынды шәкірттерінің Қазакстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «Тәуелсіз елге – өнерлі ұрпақ» атты 7 жылдық есеп беру шығармашылық концертін өткізді.
Бүгінде ән де көп, әнші де көп, бірақ сазына келтіріп, тербейте айтатын әншінің орны бір басқа. Репертуарларында тыңдармандарының жүрегін жаулап алған әртүрлі тақырыптағы көптеген әндері бар. Өнерді ерекше бағалайтын көрермендерімен, тыңдаушыларымен бай. Сондай-ақ шәкірт тәрбиелеудегі жетістіктерімен, аудан, облыс және Алматы, Астана қалалары атынан «Ең үздік жетекші», «Үздік ұстаз», «Үздік қызметкер – 2013» т.б. алғыс хаттарымен марапатталды. Осыдан 3 жыл бұрын «Бал дауыс» вокал үйірмесінің «Бал дауыс» атты 4 жылдық есеп беру шығармашылық концертін берген болатын.
Батырхан мен Гүлнұр – өз бойындағы қасиетін, шеберлігін, талантын іс-жүзінде меңгере білген, ауданымыздың мәдениетін, өнерін өркендету жолында шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, жеке шығармашылық жұмыспен де айналысатын, өз қоржынында патриоттық, нәзік махаббат тақырыбындағы әндері бар жұлдызды жұп.Кереметтей кеш сыйлаған өнер иелеріне Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Көшкінбаев, Бөрлі аудандық демалу орталығының директоры А.Рахметов, сондай-ақ ата-аналар комитетінің мүшесі Ф. Қарабаева алғыс хаттар табыс етіп, естелік сыйлықтар сыйлады.
Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ





Добавить комментарий
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.