шаблоны wordpress.

ЕЛІН СҮЙГЕН АЗАМАТ

«Жақсының жақсалаған айт нұры тасысын» — деген халықпыз. Жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулып, оларға қолдау көрсетіп, спорт саласында жетістіктерге жету үшін аянбай тер төгіп келе жатқандар бар. Солардың бірі – Орынбасар Кушев.

Бүгінде аудан, облыс көлеміне аты таныс «АқсайСтройСервис и К» ЖШС-нің директоры болып қызмет атқаратын Орынбасар Сағынбасұлы жастайынан спорт десе «ішкен асын жерге қоятын» жан.
Көрші Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылының №3 «Жіңішке» бөлімінде дүние есігін ашқан азамат мектеп жанында жүріп грек-рим күресімен айналысқан. «Ағаларыммен бірге мен де грек-рим күресіне жазылып, жаттығуларға бара бастадым. Өзіме ұнады. Тек мен ғана емес, барлық ауыл балалары осы спорт түрімен айналысты. Себебі, мектебімізде үйірмелер аз болатын.Сондықтан таңдау деген болған жоқ» — дейді кейіпкеріміз.
Бапкері Қази Сырымовтан тәлім алып, жеңілістен одан сайын шыңдалып, жеңістерден қуанып жүрген бозбала 8-сынып аяқтағасын Орынбордағы құрлыс техникумына оқуға барады. Ол жерде де аталмыш күрестің қыр-сынырын түсініп, талай додаларда топ жарды. Сол жылдары бүкілодақтық жарыстардың жеңімпазы, спорт шеберлігіне үміткер атанды. Кейіпкеріміз Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін, туған ауылында еңбек жолын бастады. Қазақстанның ірі-ірі фирмаларында прорап, құрлыс башысы болып қызмет атқарған ол 2007 жылы өз бизнесін бастады.Бүгінде кәсібі дөңгеленіп, құрлыс саласында өзіндік орны бар серіктестік 50-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, ауданымыздың спорт саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. «Ұлылық – кішілік, кішілік – кісілік» демейме. Аузын ашса жүрегі көрініп тұрған ақ көңіл жан дүбірлі жарыстарда талай мәрте демеуші болып, балғын спортшыларға қолдау білдіріп келеді. Тіпті, жас балуандардың алаңсыз жаттығуы үшін өз қаржысына спорт зал салып берді. Бүгінде аталмыш нысан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынанашылған топта 40-тан аса жас жеткіншектер жаттығады. Жақында ғана ашылған бөлімнің нәтижесі де жоқ емес. Грек-рим күресінің қыр-сырынмен танысып жүрген спортшылар көршілес Орынбор облысы мен Атырау қаласына барып, жеңімпаз атанып келді. Жас палуандарға
«Әр жарыстан кейін балуандардың спортқа деген құлшынысы артатыны сөзсіз. Бірде жеңер, бірде жеңілер. Дегенмен әр жарыста балалар өзара тәжірбие алмасып, спортқа деген ынтасы арта түсері сөзсіз. Сондықтан қолымыздан келгенше қолдау білдіріп, балғын спортшыларды түрлі деңгейдегі жарыстарға барып, аудан намысын қорғауы үшін көмек көрсетемін» — деді Орынбасар Сағынбасұлы. Ал жас спортшыларды баптап, грек-рим күресін ұғындырып жүрген спорт саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар Нұрлыбек Советұлы болса, өз шәкірттерінің талай биікті бағындырарына сенімді.

ӘКЕГЕ ҚҰРМЕТ
Жақында Орынбасар Сағынбасұлы Бөрлі ауданды әкімдігіні қолдауымен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына орай, әкесі соғыс ардагері Сағынбас Кушевты еске алу құрметіне арналған грек-рим куресінен 2000-2001 жылы тған жасөспірім ұлдар арасында аудандық ашық турнир өткізді.
БЖСМ ұйымдастыруымен өткен аталмыш турнир №4 ЖББОМ оздырылды.
1919 жылы, Шыңғырлау ауданында дүние есігін ашқан Сағынбас Кушев 1939 жылдың мамырында Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылып, әскер қатарында жүргенде сұрапыл соғыс басталды. 1941 жылы 22 маусымында №80 мотоатқыштар полкіне минометчик болып қабылданып, майданға жіберіледі. Соғыстан кейінгі жылдары Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылының №3 бөлімшесінде қызмет атқарып, отбасын құрды. Үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Балалары бүгінде ел игілігі жолында қызметте.
Ұлы Отан соғысына қатысқан үшін кіші сержант Сағынбас Есжанұлы түрлі дәрежедегі медальдар мен ордендермен марапатталды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президимума қаулысы бойынша 1945 жылы 9 мамырда «Германияны Жеңгені үшін» медальмен, Жеңістің әр жылдарында арнайы төсбелгімен, 1979 жылы 12 қыркүйекте КСРО Жоғыры Кеңесінің Президиуымы атынан, Орал облыстық халықтық депутаттар шешімімен ұзақ жылдар бойы жасаған еңбегі үшін «Еңбек Ардагері» медальмен марапатталды.
Көзінің тірісінде балаларын адамгершілік пен мейірімділікке, қамқорлық пен кішіпейілділікке тәрбелеген әке әр баласының өмірден өз орнын тапқанын қалаған. Жарысқа көршілес Орынбор облысынан 3 команда келсе, Орал қалсынан 2 Ақтөбе облысынан Теректі, Шыңғырлау және Бөрлі ауданына командалар қатысты.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Сарарқа» спорт клубы, БЖСМ қолдауымен өткен жарыста аудан әкімінің орынбасары Ж. Каналин арнайы қатысты. Шараның ашылу салтанатында Сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға қош келдіңіз айтқандардың қатарында аудан әкімінің орынбасар Жанабай Набиұлы, «Сарыарқа» спорт клубының директоры И. Қарабаев, БЖСМ директорының орынбасары Е. Масалимов,«Арман» жеке кәсіпкер О. Кушевтар болды.
Жарыстың бас демеушісі «АқсайСтройСервис и К» ЖШС-нің директоры О. Кушев пен «Автомаг» сауда үйігнің директоры Э. Галиевтер жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай және естелік сыйлықтарын аямады.
Түрлі дәрежедегі салмақта бөрлілік Б. Окасов, А. Сапаров, С. Есламбеков, Т. Төлегендердің бақтары жанып, жүлдегер атанды. Сонымен қатар, оралдық М. Амангелдиев «Үздік техник», пугачевтық М. Мурзабаев «Жеңіске деген жігері үшін» және оралдық Ә. Сабитов «Ең жас палуан» аталымдары бойыншша марапатталды. Жарыстың бас төрешісі Н. Сисенов болса, бас хатшы Е. Уразбековтар болды.
Жарысты ұйымдастырушылар аталмыш жарысты жыл сайын ұйымдастыруды көздеп отыр
Әке берген тәрбиемен бүгінде ел игілігі үшін қызмет жасап, спорт саласына қолдау көрсетіп, ел алғысына бөленіп жүрген Орынбасар Кушевтың еңбегі жаңа берсін.

Айым НҰРҒАЛИЕВА.

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520