шаблоны wordpress.

КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСЛДІ

«Дәмелі Құсайынқызының дарыны табиғи дарын. Яғни даласына тартқан дарын. Қаршығадай қағып түсетін суырып салмалық қасиеті және бар». Бұл жүрегі елім деп соғатын батыр ана, ақын, ісмер Дәмелі Құсайынқызына айтыскер ақын Мэлс Қосымбаевтың берген бағасы.

Тұла бойы өнерден тұнып тұрған ардақты жанға қанша мақтау айтсақта жарасады. Себебі, халқы үшін еңбек етіп, тер төгіп келер ұрпаққа із қалдыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Жуырда аудандық Мәдениет үйінде Дәмелі Құсайынқызының қатысуымен әдеби-сазды кеш өтті. Бұл кеш Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Қолтаңба» атты кітаптың тұсау кесуі еді. Ақын апаның бұл кешіне аудан жұршылығы, поэзия сүйер қауым көп жиналды.
Жұршылық әуелі аудандық орталықтандырылған кітапхана дайындаған «Дананың ақылы — дария» атты көрмені тамашалады. Халық мақтанышына айналып, ел ықыласына бөленіп жүрген батыр ана кеші ерекше өтті. Аудан халқына бас иіп амандасып алған ақын апа әрі қарай кешті өзі жүргізіп отырды. Осы кешке Алматыдан ат терлетіп арнайы келген дәстүрлі әнші Ажар Сейтенова Дәмелі апаның жанына отырып, апаға қолдау көрсетті.
Аудан, облыс көлемінде өз өнерімен танылып жүрген ізгі жан, аяулы да батыр ана, халықаралық жазушылар және қолөнершілер одағының мүшесі Дәмелі Құсайынқызы
кезекті кітабын «Қолтаңба» деп атауының да өзіндік себебі бар. Ағымдағы жылдын басында Дәмелі Құсайынқызы кітаптары мен көз майын тауысып жасаған құнды еңбектері түсірілген бейне таспалар және Елбасы арнаған өлеңдері Президент Н.Ә.Назарбаевқа жіберген болаты. Көп кешікпей Елбасынан өзінің қолтаңбасымен ақын апаға арналған ақ тілегі де жазылған. Батыр ананың көптен бері арманы орындалып, осы ктабын «Қолтаңба» деп атауды жөн көрген.
Дәмелі Құсайынқызының бұған дейін «Әке» (Ақсай,2003), «Мұра» (Орынбор, 2003), «Өнер өрге өрлетеді» (Орынбор, 2007), «Із» (Ақсай, 2010), «Өлең өлкесінде»(2010, Ақсай), «Жан жарығы» (2011, Ақсай ) және «Тұлғалар» (Ақсай,2013) атты кітаптары жарық көрді.
Әдеби-сазды кеште Ақсай қаласының әкімі Қайрат Өтегенов сөз сөйлеп, аудан әкімі Марат Түсіпқалиевтың атынан алғыс хат пен гүл шоғын ұсынды. Кеште ақын апа «Әке туралы баллада» атты өлеңін оқып, әкеге деген сағынышын жеткізді. Сонымен қатар ақын апаның сөзіне жазылған әндерді Ажар Сейтенова мен әнші-термеші Мирас Бақтұғыловтар әсерлі орындады. Ал Пугачов орта мектебінің мұғалімі Өтепберген Қарасаев «Алатаудың шыңындағы ақ қардай» атты ақан апаға арнауын тарту етті.
Ақын анамен бір ауылда тұрған ауылдастары да ізгі тілектері мен керемет естеліктермен бөлісті.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Добавить комментарий


Warning: Missing argument 1 for get_sidebars(), called in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/single.php on line 28 and defined in /home2/burevestnik.kz/www/wp-content/themes/FinancePress/lib/Themater.php on line 520