10.01.2018, 10:50
Қараулар: 15
Үздіктер қатарынан көрінді

Үздіктер қатарынан көрінді

Москва қаласында дзюдодан Ресейдін спорт шебері Дмитрий Носов атындағы дәстүрлі халықаралық «Nosov Cup VI» турнирі оздырылған болатын. Аталмыш турнирге еліміздің намысын қорғап боз кілемге белдесуге барғандардың қатарында жерлесіміз жас дзюдошы Айдос Мәкім де болды.

Бұл айтулы сайысқа үздіктер қатарынан көрінуге үмітті 800-ден астам жас спортшылар қатысты. Айдос 38 кг салмақ дәрежесінде алты белдесу өткізіп, 200-ден астам спортшылардың арасынан озық шығып үздіктер қатарынан табылды. Жерлесіміз жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлап қайтты.
— Айдос бұл турнирде өте шебер әрі, қырағы екенін көрсетті. Соның арқасында жүлдеді орыннан көрініп отыр. Бұл жүлде үлкен еңбек пен төккен тердің жемісі. Болашағынан үлкен үміт күтемін. Әлі талай байрақты бәсекелерде еліміздің байрағын көкке көтеретініне кәміл сенемін. Қолдау білдерген барша жерлестерге алғысымыз шексіз,- дейді Айдостың жаттықтырушысы Әлібек Меңдіғалиев.

Мейрамбек СЫДЫҚОВ

Қалдыру жауабы бар