16.01.2018, 9:59
Қараулар: 16
Гір көтеруден күш сынасты

Гір көтеруден күш сынасты

«Ақсай» спорт кешенінің ұйымдастыруымен гір спорты түрінен аудан біріншілігі өтті.

Аталмыш біріншілікке БЖСМ, қала мектептері мен ауылдық округ командалары қатысты. Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тілеп, әлем чемпионы ретінде көре алатынына сенім білдірді. Біріншіліктің нәтижесінде жалпы есеп бойынша І орын алған Кеңтүбек ауылдық округ командасы, ІІ орын алған № 3 ЖОББМ командасы, ІІІ орынға ие болған Қарағанды ауылдық округ командалары арнайы диломдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Қалдыру жауабы бар