25.01.2018, 11:02
Қараулар: 12
Мемлекетіміз бен қоғам үшін маңызды

Мемлекетіміз бен қоғам үшін маңызды

Елбасының биылғы жолдауы өте мазмұнды, халыққа ерекше әсерлі болды. Осыған орай аудандық әкімдікте өңір басшысы Алдияр Халеловтың төрағалығымен Бөрлі ауданы активінің жиыны өтті.

Күн тәртібінде Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіп революция жайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жоладуын іске асыру мәселесі қаралды. Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Дархан Агедилов сөз алып, Жолдаудағы мақсат міндеттерді тізбектеді. «Биылғы Жолдаудың мәні төртінші өнеркәсіп революциясының шеңберінде даму іс қимылдары мен ойдағыдай бейімделу стратегиясын анықтайды.Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы ішкі өнім көлемі төрт пайызға, ал өнеркәсіптік компаниялар бүгіннен бастап өндіріске тың технологияларды енгізулері тиіс. Елбасы қойған тапсырманы орындауға біздің ауданымыздағы компаниялардың мүмкіндігі жетеді. Және де материалдық техникалық тұрғыда модернизациялап, өндіріс көлемін ұлғайтуға дайын деп ойлаймын » деп, атап өтті аппарат басшысы.
Одан өзге жиында ҚПО б.в. компаниясының жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі менеджері Бақытжан Досқазиев, №3 ЖББОМ оқытушысы Азамат Муфтиевтер сөз алып, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмағұлова актив жиналысының қарарын оқыды.
Аудан әкімі жиын соңында «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірінші республикалық эссе жазу байқауына қатысқан, Ақсай қалалық №6 ЖББОМ оқушысы Нұрбала Өтеповаға сый құрмет көрсетті. Нұрбала Ұзақбайқызы аталмыш байқаудың облыстық кезеңінде бас жүлдені иемденіп, республикалық жарыста еліміздің мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының алғыс хатымен марапатталды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар