4.09.2018, 14:43
Қараулар: 26
«Ana tіlіm — aıbynym»

«Ana tіlіm — aıbynym»

Ақсайда  аудандық Достық үйінiн уйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында аталмыш  тiл фестивалi болып өтті.

Қазақ биiмен ашылған фестивалдi аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлімінің атынан алдын ала бейнеролик бойынша ұйымдастырылған «Бiз отбасымызда қазақша сөйлейміз» байкауда жүлделі орын алған  катысушыларды марапаттаумен жалғасты.  Бірінші орын иеленген қазақ мәдениеті мен салт — дәстүрін, тiлiн жоғары ұстанған татар ултынан  Джамалдиновтер отбасы марапаталды.

Фестиваль ары карайда Бөрлі  ауданының  этномәдени бiрлестiктердiн онер көрсетуiмен жалғасып, сонында фестивалга қатысушылардың барлығы дерлік марапатталды.

Сәнімгүл Меңдібай

Қалдыру жауабы бар