9.04.2018, 12:46
Қараулар: 14
«Әжеміз біздің осындай!»

«Әжеміз біздің осындай!»

Ақын Дәмелі Құсайынқызының 80 жасқа толуына орай аталмыш шығармашылық кеші өтті.

«Дәмелі Құсайынқызының дарыны табиғи дарын. Яғни даласына тартқан дарын. Қаршығадай қағып түсетін суырып салмалық қасиеті және бар». Бұл жүрегі елім деп соғатын батыр ана, ақын, ісмер Дәмелі Құсайынқызына айтыскер ақын Мэлс Қосымбаевтың берген бағасы. Тұла бойы өнерден тұнып тұрған ардақты жанға қанша мақтау айтсақта жарасады. Себебі, халқы үшін еңбек етіп, тер төгіп келер ұрпаққа із қалдыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Әдеби-сазды кеште Бөрлі ауданының әкімі сөз сөйлеп, алғыс хат пен гүл шоғын ұсынды. «Сіз ақын ретінде аудан жұртшылығына танылып, өзіңіздің туған жер, ата-баба, өнер, тәрбие, адамгершілік тақырыптарына арнаған өлең-жырларыңызбен баулып келесіз. Бүгінде абырой биігіне көтеріліп, лайықты құрметке бөленген абзал жан, аяулы ана, ардақты әжесіз.Сіз зейнеткерлік демалысқа шықсаңызда өзіңізге тән еңбекқорлығыңызбен, қажырлылығыңызбен, болашаққа деген нық сеніміңізбен алдағы уақытта да өз өнеріңізбен жұртшылықты қуанта бересіз деп сенемін.Еңбектеріңіз өлең сүйер, жыр сүйер оқырмандар арасында үлкен беделге ие болып, лайықты бағасын табуына тілектестік білдіре отырып, шығармашылық табыс тілеймін. Ақындық шабытыңыз ешқашан азаймасын, еңбегіңіз табысты болып, әрқашан да көпшіліктің ықыласына бөлене беріңіз, мерейіңіз үстем болсын.» деген Алдияр Сансызбайұлы, ақын ананың отбасына құт-береке тіледі.
Шығармашылық кеште Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, құрмет орденінің иегері, әнші, сазгер, Донеділ Қажымов қатысып, ізгі тілегін жолдады. «Бүл кешке мен Алматыдан арнайы келіп, қатысып отырмын. Дәмелі апайды бала кезімізден білеміз. Бір аулданбыз. 70 жылдары аудандық газеттен дәмелі апайдық өлеңдерін оқыдым. Таң қалдым. Ақындығынан бөлек, қол өнер шебері екендігін де білетінмін. Солай біздің таныстығымыз шығармашылық байлансқа ұласты. Апаның еңбектерін мен «Халық шығармашылық орталығының директоры болып тұрған кезде ол кісінің қолөнерін насихаттап, облыс көлемінде жұмыстар жүргіздік. Сексен жас деген өте ардақты, құрметті жас. Жасына қарамастан апа, талмай еңбек етеді. Әізденген, шаршамаған, мойымаған адамға кәріліктің ауылы аулақ жүреді екен. Апаға біз сүйсініп қараймыз.» — деді, Донеділ Қажымов.
Кеште ақын апаның сөзіне жазылған әндерді Ажар Сейтенова мен әнші-термеші Жаңыл Шүгірова, әнші Самал Діңғалиевалар әсерлі орындады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар