15.08.2018, 13:15
Қараулар: 10
Ұшқыр ойлы жастар бас қосты

Ұшқыр ойлы жастар бас қосты

Бөрлі ауданында жастар қоғамдық бірлестіктерінің жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізіліп келеді. Аудан жастарының ұйтқысымен түрлі шаралар ұйымдастырылып, тың жобалар іске асуда.Соның бірі алтыншы жыл қатарынан өткізілген «Жастар-Отанға» жастар саяси лагері.

Жалынды жастар тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуда. Олар ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың қолында деп біледі.
Жастар саясатын кеңінен насихаттау, олардың идеяларынан туындаған мемлекеттік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатында өткен шарада психологиялық тренинг өткізіліп, жастар дөңгелек үстел басында бас қосты. «Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің құрылғанына алты жыл болды. Содан бері жастардың өңірідің дамуына белсенді атсалысуына ықпал жасап келеді. Саяси лагеріде ауданымыздың әр ауылдық округінен бесенді жастар келді. Шараның маңызды бөлігі жастардың аудан әкімі Санжар Әлиевпен кездесуі болды. Санжар Жұматайұлы кездесу барысында жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Жастарды аудан басшысының өмірбаяны, хоббиі мен арман-мақсаттары қызықтырды. Әр сұраққа тұшымды жауап алған жастар, кездесуге келген өңір бсшысына алғыстарын жеткізді. Ел жастарының қолға алған маңызды жобаларына риза болған Санжар Жұматайұлы, аудан дамуы үшін қоға алынған жаңа бастамаларын да айтып қалды. Қашанда жас буынға бағыт сілтеп, тың идеяларын жүзеге асыруларына қолдау білдіріп отыратындығын да жеткізді.
Өскелең ұрпақты Отанын сүюге, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болуға шақыратын мәні зор жобаны жүзеге асыруға «Ақсай жастары» ЖҚБ бөлек, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, «Сұңқар-Ақсай», «Парасат» қоғамдық бірлестіктері ат салысты. Саяси лагерьде түрлі жиындар өтіп, атқарылған шаруалар сөз болды. Өзара тәжірибе алмасып, болашаққа бағдар жасаған жастар спорттық жарыстарда да белсенділік танытты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар