6.08.2018, 11:28
Қараулар: 22
Құрылыс қарқыны көңіл көншітеді

Құрылыс қарқыны көңіл көншітеді

Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жұмыс сапарымен Бөрлі ауданында болып, өңірде құрылысы қарқын алған бірнеше әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Бағдат Оразалдыұлы алдымен Ақсай шаһарындағы төртінші және бесінші шағын аудандардың жылу және ыстық-салқын су жүйесін қайта құрылымдау жұмысын көрді. Одан соң, шаһардағы жалпы білім беретін №3 орта мектепке бас сұқты. Отыз жыл бұрын салынған білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектеп ішін аралап шыққан облыс әкімінің орынбасары жөндеуге қажетті құжаттарды тездетіп даярлап, жөндеуге қаражат бөлуді тапсырды.

Іссапар барысында Бағдат Оразалдыұлы облыстық маңызы бар Ақсай-Жымпиты тас жолын жөндеу жұмысын тексерді. Өткен жылдың маусым айында басталған құрылыс жұмыстарын қос мердігерде  ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтаймыз деп уәде беріп отыр.

Шахардағы  120 пәтерлік жаңа тұрғын үй де Б.Азбаевтың назарынан тыс қалмады. Мұнда ос аптады апатты жатақханада тұрған 74 отбасы 204 адам мен бюджеттік сала мамандары қоныстанатын болады.  Ал, Ақсай қаласының солтүстік бөлігінде салынып жатқан 240 орындық балабақша 1қыркүйекте бүлдіршіндерді қабылдайды. Аталған бөбекжайдың ашылуымен өңірде балаларды балабақшамен қамту мәселесі түбегейлі шешіледі. Кеңтүбек ауылында «Аймақтарды дамыту — 2020» бағдарламасы шеңберінде ауыз су желілері тартылуда. Құрылысты қолға алған мердігерге Б.Азбаев жөндеу жұмыстарын қыркүйек айына дейін біріруді тапсырды. Ал, Бөрлі ауылында бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешені спорт күні қарсаңында пайдалануға беріледі.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар