20.09.2018, 14:00
Қараулар: 29
Қоғамдық қабылдау

Қоғамдық қабылдау

Бөрлі ауданы ішкі істер бөлімі мен аудандық «Нұр-Отан» партиясы филиалының ұйымдастыруымен Ақсайда азаматтарды қабылдау қоғамдық акциясы оздырылды.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу, құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдардың имиджін көтеру, сондай-ақ қоғамда полиция қызметкерлеріне деген сенімді арттыру мақсатында Ақсай қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының алдында азаматтарды қабылдау қоғамдық акциясы ұйымдастырылды. Тұрғындарды Бөрлі ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Қ.Сағын «Нұр-Отан» партиясы төрағасының орынбасары М.Махауова, «Сұңқар-Ақсай» қоғамдық бірлестігінің жетекші маманы Г.Мұқашева қабылдады. Акция барысында тұрғындарға конституциялық құқықтарын сақтау бойынша құқықтық кеңес берілді. Сондай-ақ азаматтарға полиция қызметкерлері тарапынан жол берілген заң бұзушылықтар бойынша шағымдар мен ұсыныстар білдіруге мүмкіндік берілді.
Қала тұрғындары тарапынан ішкі істер органдарына қатысты сұрақтар қойылған жоқ. Алдағы уақытта осындай іс-шара жүйелі түрде өткізілетін болады.

Сәнім МЕНДІБАЙ

Қалдыру жауабы бар