3.08.2018, 9:14
Қараулар: 14
Қос ауылға ауыз су жетті

Қос ауылға ауыз су жетті

Биыл, Бөрлі ауданының Кеңтүбек пен Жаңақоныс ауылдары таза судың игілігіне ие болмақ. Осы кезге дейін тұрғындар ауызсуды ауласынан құдық қазып немесе Ақсай қаласынан тасып ішкен болатын. Енді әр үйге желі тартылмақ. Бұл оңды іс «Аймақтарды дамыту — 2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда.

Үш жүзге тарта ауласы бар Кеңтүбек ауылына 13 жыл бұрын «Ақбұлақ» бағдарламасымен ауыз су кірген. Алайда ескі желіде заман талабына сай емес, әрі өрт гидранттары жоқ. Су құбырын қайта құру кезінде осы кемшіліктер ескерілмек. Өзекті мәселенің шешілуі мемлекеттің қолдауымен іске асты. Құрылысты қолға алған мердігер, жөндеу жұмыстарын мінсіз атқаруға уәде етті. Сондай ақ су желісін жаңғыртуға жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғындар да тартылып отыр. Құрылыста пайдаланып жатқан құбырлар, есептеу құралдары және өзге де қосалқы бөлшектердің барлығы су жаңа, әрі отандық өнім.

Ондаған жылдар бойы ауыз судың азабын тартқан  Жаңақоныс ауылының тұрғындары да мемлекет қолдауына риза. Шағын елді мекенде екі шақырым желі тартылды. Елу текше метр құты мен үш өрт гидрадтары қойылады.

Қос ауылда жұмыстар сәуір айында басталды. Мердігер жұмысты белгіленген мерізімнен  бір ай бұрын, яғни қыркүйек айында аяқтауға уәде беріп отыр. Бөрлі аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Зұлқожа Бақтығұлдың айтуынша, жұмысқа республикалық және облыстық бюджеттен  108 мил. қаражат бөлінген.

 

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Қалдыру жауабы бар